Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау енгізілгеннен бері жеке тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 СЕН), сондай-ақ кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00 СЕН) ұсынатының хабарлайды, деп хабарлайды DKnews.kz.
250.00 нысанды декларацияны декларация ұсынылатын жылдың алдындағы жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жасалады.
Алайда, кейбір азаматтар 250.00 нысанды декларацияны толтыру кезінде ол жасалатын күнді қате көрсетеді. Бұл Салық кодексін бұзу болып табылады және мұндай салық төлеушілерге мемлекеттік кірістер органдары салықтық есептіліктің ұсынымауы туралы хабарламалар шығарады.
Бұл жағдайларда салық төлеуші өзгеріс енгізу тәсілімен салықтық есептілікті кері қайтарып алу арқылы өздігінен бұзушылықты жоюға құқылы.
Өзгеріс енгізу тәсілімен салықтық есептілікті кері қайтарып алу, егер:
- валюта коды;
- салық органының коды;
- салық кезеңі;
- салықтық есептілік түрі дұрыс көрсетілмеген жағдайда жүргізіледі.
Ол үшін салық төлеуші «Салық төлеушінің кабинеті» (cabinetsalyk.kz) веб-порталы, «СТ СЕӨЖ» АЖ немесе электрондық үкімет порталы (еGov) арқылы осындай есептілік ұыснылатын жері бойынша салық органына өтініш беруі қажет.
Салықтық есептілікті кері қайтару алуға салықтық өтініш беру бойынша нұсқаулық Мемлекеттік кірістер комитетінің веб-порталында (kgd.gov.kz) орналастырылған.
«Салықтық есептілікті кері қайтарып алу» қызметі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, салық төлеуші «1414» нөмірі бойынша Call-орталыққа (Қазақстан бойынша тегін) не СТК/СЕӨЖ пайдаланушыларды қолдау қызметінің электрондық поштасына (sonosd@kgd.minfin.gov.kz) хабарласа алады.