Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатының күміс және қола жүлдесін жеңіп алды

26345
Фотосурет: kazchess

Қазақстандық жас шахматшылар Бразилияда жастар арасындағы (U14-U18) шахматтан әлем чемпионатында жоғары шеберлік деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеп, еліміздің қоржыныңа үш күміс пен бір қола медаль әкелді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Open 14 санатында халықаралық шебер IM Эдгар Мамедов, Girls 18 категориясында WIM Амина Қайырбекова және Open 18 санатында IM Алдияр Ансат күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, Open 14 санатта халықаралық шебер IM Сауат Нұрғалиев қола медаль иеленді. Биылғы көрсеткіштерімен шахматшыларымыз өткен жылғы нәтижелерді жақсартты.

Жасөспірімдер арасындағы шахматтан әлем чемпионаты U14–U18 (FIDE World Youth Chess Championships 2024) 29 қазанынан 9 қарашасына дейін Атлант мұхитының жағалауындағы Флорианополис қаласында өтті. Чемпионатта әлемнің 63 елінен келген 500-ден астам шахматшы сынға түсті. Жарысқа қатысушылар арасында 1 гроссмейстер (GM), 1 әйелдер арасындағы гроссмейстері (WGM), 22 халықаралық шебер (IM) және 4 әйелдер арасындағы халықаралық шебері (WIM) болды. Қазақстанның намысын аға жаттықтырушы, гроссмейстер Антон Филиппов жетекшілік еткен 20 шахматшы қорғады.

«Біздің жастардың әлем чемпионатындағы жетістігі – таңдалған таланттарды қолдау стратегиямыздың дұрыстығын тағы бір рет дәлелдеді. Осы өрендеріміздің ішінде Қазақстан шахматының болашағын, болашақ әлем чемпиондарын көріп отырмыз. Жас шахматшыларымызды және олардың табысына үлес қосқан барша жанашырларды шын жүректен құттықтаймын!» Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов өз құттықтауын жеткізді

Чемпионаттың финалына қарай басқа қазақстандық шахматшылар да жүлделі орындарға жақын болды. Атап өтуге лайқ ойыншылардың қатарында 16 жасқа дейінгі санаттағы Даниал Сапенов, жүлдегер болуға оған шешуші раундта Германиялық шахматшы FM Беннет Хагнерге ұтылғаны кедергі болды. Сондай-ақ, 16 жасқа дейінгі қыздар арасындағы санатта Зарина Нұрғалиева  да соңғы турда Өзбекстандық шахматшы Афруза Хамдамоваға ұтылып қалды.

«Қуантатыны – турнир барысында алғашқы үстелдерде дерлік барлық қазақстандық шахматшылар ойнап, ең жоғары орындар үшін күреске қатысты. Сонымен қатар, біз осы турнирде жүлде саны бойынша екінші орындамыз. Нәтижені лайықты деп санаймын. Алда әлі көп жеңістер бар» Антон Филиппов

U14–U18 жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты – 11 тур швейцариялық жүйе бойынша өткізілетін, ересектердікіндей классикалық уақытты қолданатын санаулы турнирлердің бірі. Әр ойыншыға алғашқы 40 жүріске 90 минут, кейін партияның соңына дейін 30 минут беріледі, әр жүріс сайын қосымша 30 секунд қосылады.

11 тур қорытындысы бойынша нәтижелер:

  • Open 14: 1. FM Патрик Цесляк (Польша, 2369) – 8½ ұпай; 2. IM Эдгар Мамедов (2448) – 8½; 3. IM Сауат Нұрғалиев (2406) – 8½; 4–7. Ақылжан Мейірханұлы (2052) – 8. Барлығы 117 қатысушы.
  • Girls 14: 1. WFM Диана Хафизова (FID, 1996) – 9 ұпай; 2. CM Виктория Сметаньская (2070, Польша) – 8½; 3. WFM Мария Власова (FID, 1905) – 8½; 8–11. WFM Айару Алтынбек (1990) – 7½; 21–32. Асия Асылхан (2030) – 6½. Барлығы 95 қатысушы.
  • Open 16: 1. FM Хавьер Абанса Агерреа (Испания, 2405) – 9 ұпай; 2. FM Кшиштоф Рачек (Польша, 2435) – 8½; 3. Никита Калинин (FID, 2139) – 8½; 5–8. IM Даниял Сапенов (2311), Алан Петухов (2232) – 7½; 9–19. FM Сұлтанбейбарыс Думанұлы (2083), FM Мирас Асылов (2300) – 7; 29–43. FM Инаят Болат (2218) – 6. FM Ерғали Сүлеймен (2333) денсаулық жағдайына байланысты жарыстан шығып кетті. Барлығы 94 қатысушы.
  • Girls 16: 1. WIM Афруза Хамдамова (Өзбекстан, 2330) – 10½ ұпай; 2. FM Яна Жапова (2183, FID) – 8; 3. WFM Харис Пеглау (Германия, 2095) – 8; 5–6. WFM Зарина Нұрғалиева (2034) – 7½; 7–14. WFM Елназ Қалиахмет (2097) – 7; 22–26. Нұрсұлу Оразалина (1815) – 6. Барлығы 65 қатысушы.
  • Open 18: 1. GM Алексей Гребнев (FID, 2530) – 9 ұпай; 2. IM Алдияр Ансат (2456) – 8½; 3. IM Ян Климковский (Польша, 2477) – 8; 28–40. IM Сәтбек Ахмединов (2341), FM Тимур Кенбейілов (2281), Нұрлыхан Құдайберген (2159) – 6. Барлығы 93 қатысушы.
  • Girls 18 санаты: 1. WFM Ольга Карманова (FID, 2301) – 9 ұпай; 2. WIM Амина Қайырбекова (2288) – 9; 3. WFM Галина Михеева (FID, 2120) – 8; 27–34. Жанбота Қамарова (1871) – 5½. Барлығы 55 қатысушы.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -