2024 жылғы 15 қарашада Алматы қаласында Қазақстан қаржыгерлерінің XII конгресі өтеді. Іс-шараны Қазақстан Ұлттық банкі мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы ұйымдастырады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Жылдағы дәстүр бойынша, Қаржыгерлер конгресінде мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдарының өкілдері макроэкономикалық саясат пен қаржы секторындағы ең өзекті мәселелерді талқылайды.
Конгресс офлайн форматта өтеді. Сонымен қатар, пленарлық сессиялар мен панельдік пікірталастар ҚҰБ-тың YouTube-гі ресми арнасы – Қазақстан Ұлттық Банкі – YouTube-те онлайн көрсетіледі.
Іс-шараның өтетін орын мен уақыты: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 77/7, Ritz-Carlton қонақүйі, қатысушыларды тіркеу 15 қараша күні таңғы сағат 08:30-дан 09:30-ға дейін өтеді.