ТЖМ қатаң бақылауындағы жылыту маусымы

3465
Фотосурет: ҚР ТЖМ / Facebook

Қазақстанда төтенше жағдайлар үшін әмбебап бөлімшелер құрылады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі елімізде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешенін жүргізуде. Бұл туралы министр Шыңғыс Әрінов Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында баяндады. 

Біріншіден, төтенше жағдайларға жедел ден қою мен Министрлік бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі күшейтілуде. Ақмола облысында пилоттық жобада өрт сөндірушілерден, дәрігерлер мен құтқарушылардан тұратын әмбебап бөлімше құрылды. Бұл зардап шеккендерді жедел түрде кешенді құтқару мен оларға алғашқы көмек көрсету мүмкіндігін береді.

UKIMET

Өрт сөндіру бөлімшелерін салу тәсілі қайта қаралды. Нақтырақ айтқанда, тамыз айынан бастап Астанада 3,5 айдың ішінде жылдам тұрғызылатын конструкциялардан салынған өрт сөндіру депосы жұмыс істейді. Барлық өңірде құрылыстың осындай тәсілі енгізілетін болады. Жалпы, біздің елімізге 121 өрт сөндіру депосы қажет.

Материалдық-техникалық қамтамасыз етуді нығайту шеңберінде алғаш рет биік ғимараттарды сөндіруге арналған 2 өртке қарсы дрон сатып алынады.

«Биыл республикалық, жергілікті бюджет есебінен және лизинг арқылы 728 бірлік арнайы автотехника мен 18 мыңнан астам құрал-жабдықтар сатып алудамыз. Ең алдымен, техниканы аудандық бөлімшелердің мұқтаждығына бөлеміз. Екіншіден, оқыту мен жаттығулар арқылы, біз халықты ТЖ кезінде дұрыс әрекет етуге үйретеміз. Мысалы, тұрғындарды іс жүзінде эвакуациялай отырып, көп қабатты үйлерде шартты түрде өрт болған жаттығулар өткіземіз. Республика бойынша барлығы 250-ден астам осындай оқу-жаттығулар өткізілді» Шыңғыс Әрінов 

Алғаш рет Астана қаласындағы көпқабатты көпқабатты үйдің тұрғындары үшін тікұшақ техникасын тарта отырып оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда. Жүргізіліп жатқан жұмыс азаматтарды өрт кезінде өзін-өзі құтқару дағдыларына кезең-кезеңімен үйретеді, осылайша қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттырады.

Үшіншісі, бұл еліміздің тұрғын үй секторындағы алдын алу шаралары. 

«Осы тұрғыда жеке тұрғын үй секторының Министрліктің бақылауына жатпайтынын, тек аула аралау кезінде ұсыныстармен ғана шектелетінімізді атап өткім келеді. Оған қоса, көп жағдайда тұрғындар үйлеріне бас сұқтырмай, кеңес алудан бас тартады. Соған қарамастан, азаматтарды өрт қауіпсіздігі шаралары туралы SMS-хабарламалар, үйлер мен мүлік иелерінің бірлестіктерінің чаттары арқылы хабардар етіп отырамыз. Сонымен қатар көп қабатты тұрғын үйлер мен адамдар көп жиналатын объектілерді пайдалануға қабылдау өкілеттіктерін Министрлікке беру мәселесін шешудеміз» Шыңғыс Әрінов

Статистикаға сәйкес, өрттердің шығуы мен азаматтардың өлімінің негізгі себебі жылу жүйелерінің дұрыс жұмыс істемеуі болып отыр. Атап айтқанда, пештерге қатысты, ол негізінен халықтың әлеуметтік осал санатындағы үйлерге тиесілі. Министрдің айтуынша, бұл санатта кішкентайларды ересектердің қарауынсыз қалдыру себебінен балалар өлімі жиі тіркеледі.

Аталған фактілерді ескере отырып, әлеуметтік осал санат – көп балалы отбасылар, мүгедектігі бар адамдар, жалғызбасты қарттар – ТЖ министрлігінің ерекше бақылауында. Бүгінде есепте 100 мыңнан астам үй бар. Олардың барлығына әкімдіктермен және еріктілермен бірлесіп атаулы көмек көрсетіледі – өрт датчиктерін орнату және мүмкіндігінше жылыту жүйелерін жөндеу және түтін мұржаларын тазалау. 2021 жылдан бастап барлығы 107 мыңнан астам датчиктер орнатылды, олар адамды алғашқы сатыларда улы газдың қауіптілігі туралы ескертуге мүмкіндік береді. Өрт датчиктерінің іске қосылған 55 жағдайы тіркеліп, соның арқасында 248 адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды.

Келесі себеп – жарылыстарға әкелуі мүмкін тұрмыстық газды дұрыс пайдаланбау. Халық заңды бұза отырып, автожанармай құю станцияларына газ баллондарын толтырады, бұл ретте олардың басым бөлігі пайдалануға жарамсыз.

«Біздің есебіміз бойынша 348 мың газбаллон ауыстыруды талап етеді. Осы орайда, әкімдіктердің жанындағы тұрғын үй комиссиялары тұрмыстық және коммуналдық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелерінің сақталуына бақылау жасауды күшейтуі қажет. Жылу беру маусымының ерекше бақылауда екенін және Министрлік бөлімшелерінің төтенше жағдайлар кезінде ден қоюға әзір екенін атап өткім келеді» Шыңғыс Әрінов

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -