Тұрмыстық газ баллондарын пайдалану қауіпсіздігі

5313
Фотосурет: Gov

13 қарашада Қарағанды облысының аумағында тұрмыстық газ баллондарын пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Төтенше жағдайлар департаментінің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері автогаз құю станциялары мен газ толтыру станцияларында рейдтік үгіт-профилактикалық іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Осы іс-шараны өткізу барысында қызметкерлер тұрмыстық газ баллондарын пайдалану ережелерін жеткізді, ұсынымдар берді.

«Есіңізде болсын, осы ережелерді мұқият орындау ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алуға, өзіңіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», - деп Қарағанды облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұрлан Жақыпов атап өтті.

ТЖМ тұрғындарға екі қабаттан асатын көппәтерлі тұрғын үйлерде тұрмыстық газ баллондарын сақтауға және пайдалануға тыйым салынатыны туралы еске салады. Газ баллондарының  жарамдылығына ерекше назар аударған жөн, яғни оларды жылыту аспаптары мен пештердің жанында орналастыруға, сондай-ақ автогаз құю станцияларында баллондарға жанармай құюға тыйым салынады. Газ баллондары тек мамандандырылған газ толтыру станцияларында жанармай толтырылу қажет, ал суық жерден әкелінген кезде – пайдалану үшін қауіпсіз жерлерде сақталуы тиіс.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -