Армия спортшылары қазақ күресінен өткен ұлттық чемпионатта жеті медаль жеңіп алды

14630
Фотосурет: Gov

Армия орталық спорт клубының спортшылары қазақ күресінен Тараз қаласында өткен ересектер арасындағы ел біріншілігінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде өткен жарыс КСРО мен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Марат Жақыттың 80 жылдығына орайластырылды. Оған 450-ден астам балуан қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Қарулы күштердің қызметшісі Бақыт Құсақбаева алтын, сержант Ерасыл Қажыбаев пен Қарулы күштердің қызметшісі Ерасыл Жанатаев күміс, капитан Зәмзәгүл Файзолланова, Қарулы күштердің қызметшілері Бекжан Төлепов, Молдаш Кемелбек және Жұмажан Қожамбеков қола медаль иеленді.

Армия балуандарының чемпионаттағы жетістіктері олардың жеке нәтижелерін көрсетіп қана қоймай, ұлттық дәстүрлерді нығайтуға ықпал етеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -