Қазақстанда инвестициялық қорлар туралы заң әзірленуде

4081
Фотосурет: ©️ Адильбек Тауекелов/ Kazpravda.kz

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі  – Агенттік) Дүниежүзілік Банкпен, Халықаралық қаржы корпорациясымен (IFC) және қаржы нарығының жетекші сарапшыларымен бірлесіп, ұжымдық инвестициялар нарығын дамыту мақсатында «Инвестициялық қорлар туралы» жаңа заң жобасын әзірлеуде, деп хабарлайды DKnews.kz. 

Заң жобасы ішкі және шетелдік инвестициялар тарту жағдайларын жақсартуғабіліксіз инвесторлардың мүдделерін қорғауды күшейтуге және инвестициялық қорлардың ашықтығын арттыруға бағытталған.

Заң жобасы бірнеше негізгі жаңалықты ұсынады:

Бірінші. Активтердің құрамына қарай қорлардың жаңа жіктемесін енгізу. Заң жобасына сәйкес қорлар екі санатқа бөлінеді: бағалы қағаздарға инвестициялау қорлары және баламалы инвестициялау қорлары. Жаңа жіктеме үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді және инвесторларды өз инвестицияларының өтімділігі мен кірістілігін әртараптандырудың, басқарудың тиісті тетіктерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Екінші. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті, сенім серіктестігі мен қарапайым серіктестікті қоса алғанда, әртүрлі ұйымдық нысандарда қорлар құру мүмкіндігін кеңейту. Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнама инвестициялық қорларды тек екі – акционерлік және пай нысанында құруға мүмкіндік береді.

Үшінші. Біліксіз инвесторларды қорғау тетігін енгізу. Жаңа заңда жоғары тәуекелді қорларға, атап айтқанда баламалы инвестициялау қорларына инвестиция салуды шектеумен байланысты біліксіз инвесторларды қорғаудың тиісті тетіктері көзделетін болады.   

Төртінші. Баламалы инвестициялау қорларының транспаренттілігін арттыру. Заңнамалық бастамалар ашықтықты қамтамасыз етуге және ақпараттың қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Баламалы инвестициялау қорларын тіркеуді енгізу жоспарланып отыр, бұл реттеушілік талаптар мен ақпаратты жария ету қағидаларының сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде бұл ұжымдық инвестициялар нарығында неғұрлым ашық және қауіпсіз орта құру арқылы инвесторлардың мүдделерін сенімді қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Заң жобасын әзірлеу кезінде инвестициялық және венчурлік қорлардың қызметін реттеудің үздік халықаралық тәжірибесі, оның ішінде Еуропалық Одақ елдерінде, АҚШ және Ұлыбританияда пайдаланылатын UCITS (Undertakings for Collective Investment in Transferable Securities) және AIF (Alternative Investment Funds) қорларының тұжырымдамасы пайдаланылды.

Жаңа заңның енгізілуі жаңа қатысушыларды тарту, инвестициялық қорлардың қаржы құралдарын шығару кезінде икемділікті қамтамасыз ету, шетелдік инвесторлар үшін түсінікті реттеу ортасын құру есебінен ұжымдық инвестициялар нарығын дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.

Заң 2025 жылы қабылданады деп күтілуде.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -