СҚО-да су тасқыны: көктемгі кезеңге дайындық тексерілді

8019
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Бауыржан Балғабаев өңірдің халқы мен аумағын тасқын судан қорғауға бағытталған іс-шаралардың іске асырылуына баға берді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік инспектор төтенше жағдайлар және су ресурстары министрліктерінің өкілдерімен бірлесіп, алдағы су тасқыны кезеңінде өңірдің халқы мен аумағын қорғауға бағытталған іс-шаралардың іске асырылуына бағалау жүргізді.

Облыстың Қызылжар, Шал ақын, Тайынша аудандарын және Петропавл қаласының аралау нәтижелері бойынша қазіргі уақытта қорғаныс құрылыстары мен қаптамаларды салу, нығайту бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары, сондай-ақ су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша басқа да іс-шаралар толық жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -