Энергия қауіпсіздігі: мұнай өндіруді кеңейту және жаңа сын-қатерлер

7150
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов Теңіз кен орнына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сапар барысында Министрлік делегациясы кешенді технологиялық желілерді, екінші буын зауытын, үшінші буын зауытын және бірлескен өндірісті басқару орталығын қоса алғанда, негізгі өндірістік объектілерін аралады. Кен орнында мұнай өндіруді едәуір ұлғайтуға арналған Болашақ кеңейту жобасын (БКЖ) іске асыруға байланысты нысандарға ерекше назар аударылды.

Вице-министр Ә.Жамауов Теңіз кен орны операторының басшылығымен кездесу өткізді, оның барысында мұнай мен газ өндірудің ағымдағы көрсеткіштері, сондай-ақ жобаның келешектегі дамуын талқылады.

Сонымен қатар, сапар аясында делегация БКЖ-на қатысты нысандарды қарап шықты, онда оларды іске қосудың жоспарлары мен техникалық аспектілері пысықталды.

Вице-министр мұнай өндірісін жылына 12 миллион тоннаға ұлғайтуға және Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін едәуір нығайтуға мүмкіндік беретін БКЖ объектілерін уақтылы пайдалануға берудің стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -