Алматы және Франкфурт: мәдени байланыстарды нығайту

7876
Фотосурет: t.me/almaty_akimat

Алматы әкімі Ерболат Досаев Франкфурт кітап жәрмеңкесінің президенті Юрген Бооспен кездесті. Кездесу барысында алматылық кітапханалармен, баспалармен және жазушылармен ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қонақтар Алматының көпұлтты қала ретіндегі ерекшелігін атап, ұзақ мерзімді серіктестік орнатуға ниет білдірді.

Қала басшысы кітапханаларды жаңғырту және заманауи қоғамдық кеңістіктер құру жөнінде айтып берді. Ол электронды кітаптардың танымалдығы артқанына қарамастан, қала тұрғындарының баспа кітаптарын оқуды жақсы көретінін ерекше айтты. Алматыда қазірдің өзінде кітапханалардың 95%-ы жаңғыртылған, жаңа заманауи мекемелер ашылуда.

Юрген Боос жергілікті авторлар үшін семинарлар өткізуге және ауқымды кітап іс-шараларын ұйымдастыру бойынша кеңес беруге дайын екенін жеткізді.

Тараптар 2025 жылы мәдени байланысты нығайту мақсатында бірлескен жобалар әзірлеуге уағдаласты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -