Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба

6666
Фотосурет: ©️Руслан Пряников/ kapital.kz

Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында Мемлекет басшысының Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар талқыланды. Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов жылыту маусымын өткізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жылыту кезеңіне дайындық және тұтынушыларды энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру үшін Энергетика министрлігі жылыту маусымында бірқатар шаралар қабылдады: электр энергиясына шекті тарифтер түзетілді, қайтарымды инвестициялардың жылдық лимиті ұлғайтылды.

Бұл жөндеу жұмыстарын қаржыландыруды өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 44%-ға, 327 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Энергия көздерінің отын қоймаларында 5,6 млн тонна көмір және 97 мың тонна мазут жинақталған, бұл нормативке сәйкес келеді.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, электр стансаларындағы 8 энергия блогында, 51 қазандықта және 38 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды. 2 энергия блогында, 4 қазандықта және 7 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталу кезеңінде. Сондай-ақ 20,7 мың шақырым электр беру желілері, 384 қосалқы станса және 4 054 тарату пункті мен трансформаторлық қосалқы стансалар жөндеу жұмысы аяқталды. 542 шақырым жылу желілері жөнделді.

Премьер-министр жедел әрекет ету шараларын қабылдаудың және халықты ақпараттандырудың маңызын атап өтті. ТКШ саласын одан әрі дамыту үшін Үкімет Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеуде. Оны іске асыру инженерлік желілердің тозу көрсеткішін төмендетуге, инфрақұрылымды ауқымды жаңартуға және апаттар қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

«Мемлекет басшысы біздің алдымызға осындай стратегиялық маңызды міндет қойды, оны нақты орындау қажет. Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін Ұлттық жобаны әзірлеу жұмыстарын аяқтауды тапсырамын»  Олжас Бектенов

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -