Маңғыстау облысының Қорғаныс істері департаменті күзгі шақыру маусымында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштерінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери бөлімдеріне жас сарбаздарды шақыру жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды DKnews.kz.
2024 жылы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің хабарлауынша, азаматтарды Ұлттық Ұланға міндетті әскери қызметке шақыру жалғасып жатыр
Биыл күзде облыс бойынша 650-ден астам адам әскерге баруы керек болды.
Алғаш жіберілген жас сарбаздар шекара қызметіне қабылданды. Шекара бөлімдеріне 120-дан астам әскерге шақырылушы жіберілді. Бұл еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтудағы маңызды қадам болды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдеріне 300 адам жөнелтілді.
Қазір Ұлттық Ұланға жасақ жинау басталды. Бұл бөлімге Маңғыстау облысынан 230-дан астам жас сарбаз қызметке жіберіледі. Міндетті әскери қызметке шақыру бөлімінің бастығы, подполковник Талғат Сарбасов әскерге шақыру әдеттегідей өтіп жатқанын айтып, әскерге шақырылғандардың қызметке дайындығы жоғары деді.
«Қазір Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің, Қорғаныс министрлігі мен Мемлекеттік күзет қызметінің қатарында 420-дан астам адам қызмет етіп жатыр. Жігіттердің әскери қызмет етуге құлшынысы зор. Бір жылдан кейін олар еліне нағыз патриот болып оралады деп сенемін», – деді Талғат Сарбасов.
Айта кетейік, Маңғыстау облысында мерзімді әскери қызметке шақыру қыркүйектің бірінде басталып, желтоқсанынның 31-іне дейін жалғасады.