Әскери-теңіз күштерінің әртекті корабльдер дивизионына – 17 жыл

5280
Фотосурет: Gov

2007 жылдың 20 қарашасында Қазақстанның Қорғаныс министрі Әскери-теңіз күштері құрамында әртекті корабльдер дивизионын құру туралы директиваға қол қойды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл құралым Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы стратегиялық объектілерді және мемлекеттік шекараны күзету мен қорғау саласындағы міндеттердің кең спектрін орындайды. Оның құрамында отандық зымыран-артиллериялық корабльдер, мина-тартқыш, гидрографиялық кемелер және жылдам жүретін бронды катерлер бар. 

– Аталмыш құралым мемлекеттік шекараның аумақтық тұтастығы мен қол сұғылмауын қамтамасыз етуге арналған. Мұндай жүктелген міндетті жеке құрам кез келген ауа-райында және басқа жағдайларда да орындауға дайын. Дивизионның бастауында тұрған ардагерлер легіне зор алғысымды білдіремін. Жеке құрамға қызметте сәттілік, су айдынында әрқашан жолымыз ашық болсын деп тілеймін, – деді әртекті корабльдер дивизионының командирі 2-дәрежелі капитан Руслан Яхьяров.

Дивизион шетелдік әскери оқу орындарының түлектерімен жасақталған. Өткен жылы Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты базасында әскери-теңіз күштері факультетінің ашылуы оң нәтиже берді, бұл отандық жоғары оқу орнында білікті мамандар даярлауға мүмкіндік береді. 

Басшылық дивизион жеке құрамының жоғары кәсіби шеберлігін ірі халықаралық оқу-жаттығуларда дәлелдеп жүргенін атап өтті. 2015 жылдан бастап әскери теңізшілер Армия халықаралық ойындарының «Теңіз кубогы» байқауына белсене қатысып, дәстүрлі түрде жүлделі орындар алып келеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -