Орталық Азиядағы туризмнің тұрақты дамуы: мүмкіндіктері мен болашағы

5093
Фотосурет: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Орталық Азиядағы туризмнің орнықты дамуы: сын-тегеуріндер, мүмкіндіктер мен перспективалар» тақырыбында II халықаралық форум басталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шараның ашылуында ҚазҰУ Басқарма Төрағасының орынбасары – бірінші проректор  м.а. Еркін Дүйсенов, Гонконг политехникалық университетінің (PolyU) халықаралық қонақүй менеджменті жөніндегі Вальтер және Венди Квок отбасылық қорының деканы және профессоры Джон Кайе мырза барша қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі.

Форум барысында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  мен Гонконг политехникалық университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылып, Орталық Азиядағы тұрақты даму орталығының салтанатты ашылуы өтті. Оның міндеттері мен мақсаттары туралы PolyU қолданбалы әлеуметтік ғылымдар кафедрасының профессоры, Қытай және жаһандық даму желісінің директоры Ку Хок Бун мырза таныстырды. Ол Орталық Азиядағы, «Бір белдеу – бір жол» жобасына қатысушы мемлекеттерде және әлемдегі негізгі әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында практикалық инновациялық шешімдерді ұсыну үшін жоғары тиімді пәнаралық зерттеулерге маманданатынын атап өтті.  Сондай-ақ «Тиімді форумдар өткізу арқылы халықаралық диалог пен ынтымақтастықты нығайтуға және жаһандық инновациялар мен тұрақты даму бойынша Орталық Азиядағы жетекші талдау орталығына айналуға бағытталған».

Спикер орталық зерттеулерінің басым бағыттарын атап өтті: Әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік даму және әлеуметтік саясат; тұрақты туризм, қоғамдық туризм, туризмнің цифрлық трансформациясы, туризмдегі ЖИ, сондай-ақ туристік білім беру және оқыту; тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғау.

Форум барысында Әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ мен Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасы (БҰҰДБ) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа ҚазҰУ-дың бірінші проректорының міндетін атқарушы Е.Дүйсенов пен БҰҰДБ Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматов қол қойды. Сондай-ақ қарым-қатынас туралы меморандумдарға ҚазҰУ мен Палембанг политехникалық туризм институты және Мамун университеті (Өзбекстан) арасында жеке құжаттарға қол қойылды. Форум барысында туризмді тұрақты дамыту мәселелеріне арналған сарапшылардың секциялары мен панельдік сессиялар өтті. Қонақтар үшін «Фараби хаб»  бойынша экскурсия өткізілді.

Форум жұмысы үш күнге жалғасады. Шараға қатысушылар Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне экскурсия жасап, «Таза Қазақстан» акциясы аясында қонақтар «Аюсай» орталығына, Ескі жапон жолына, төменгі «Аюсай» сарқырамасына бару жоспарланған.

Форумды ұйымдастырушы – ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультеті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -