Қазақстандық шахматшылар Италияда чемпион атанды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Италияның Монтесильвано қаласында U8–U12 кадеттер арасындағы шахматтан әлем чемпионаты (FIDE World Cadet Chess Championships 2024) аяқталды.
Аланна Берікқызы мен Марк Смирнов – чемпиондар! Ханзада Аманжол күміс медаль алды!
«Біздің балаларымыз өте талантты, дарынды және мықты. Олардың әлеуеті орасан зор, және тиісті қолдау көрсетілген жағдайда ол әрдайым ашылады. Біздің жасөспірімдеріміздің Италиядағы беделді жарыстардың жеңімпаздары атанып, үш медаль жеңіп алғанына және Қазақстан құрамасының 77 елдің ішінде үздік шыққанына шын жүректен қуаныштымын. Бүгінгі жетістіктер – жаттықтырушылардың жүйелі жұмысының және федерациямыздың бүкіл командасының күш-жігерінің нәтижесі» Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов
«Pala Dean Martin» конгресс орталығында өткен чемпионатқа 77 елдің 700-ден астам жас шахматшысы қатысты, олардың қатарында 6 ФИДЕ шебері (FM) және әйелдер арасындағы 2 ФИДЕ шебері (WFM) бар. KazChess/Қазақстан шахмат федерациясы бұл жолы бұрын-соңды болмағандай үлкен делегация жіберді – 32 қатысушы, қатысушылардың саны жағынан АҚШ қана алда тұр – 46.
15-26 қараша аралығында классикалық үлгімен уақыт бақылауы жасалатын – әр партияға 90 минут беріліп, әр жүріс үшін біріншіден бастап 30 секунд қосылатын швейцариялық жүйе бойынша 11 тур ойналды.
Open 08 санаты: 1. Адулла Редди Дивит (Үндістан, 1784) – 9 ұпай; 2. Свайн Саттвик (Үндістан, 1787) – 9; 3. Гуо Зимин (Қытай, 1701) – 9; 5. Нұрмұхамед Елемес (1735) – 8½; 6. Ризат Ұлан (1783) – 8; 16–25. Арыстан Жаңабаев (1524) – 7; 26–39. Нұрәлі Нұршин (1612), Әдинұр Әділбек (1651) – 6½ ұпайдан. Барлығы 123 қатысушы.
Соңғы турда 2024 жылғы Қазақстан чемпионы Нұрмұхамед Елемеспен партияны тең аяқтаған Гуо Зимин алтынсыз қалды, ал Қытай медаль есебінде 1-ші орынға қол жеткізе алмай қалды.
Girls 10 санаты: 1. WCM Аланна Берікқызы (2043) – 9½ ұпай; 2. WCM Эйми Янг (АҚШ, 1864) – 9; 3. WCM Идер Целмуун (Моңғолия, 1846) – 8½; 4. Жансая Шолпанбек (1657) – 8; 5. Милана Филиппова (1687) – 8; 8–13. Әлия Жұмабаева (1607) – 7½; 57–67. Інжу Әбиболла (1499) – 5. Барлығы 100 қатысушы.
Рейтинг фавориті болған астаналық Аланна Берікқызы бастапқы 7 партияда жеңіске жетті, жарысты жеңіспен аяқтады.
Open 12 санаты: 1. FM Марк Смирнов (2300) – 10 ұпай; 2. CM Антоний Радзимский (Польша, 2188) – 8½; 3. FM Давид Ласан Рус (Франция, 2274) – 8½; 5. CM Әлішер Әбсаттар (2082) – 8; 9–17. CM Данис Қуандыкұлы (2199) – 7½; 33–43. Дәрмен Дәурен (1820) – 6½; 44–70. Ернұр Ержанұлы (1917), Ақарыс Жандос (1932) – 6 ұпайдан. Барлығы 151 қатысушы.
Соңғы турда жас алматылық Марк Смирнов жалпы жеңіске жету үшін партияны тең ойынмен аяқтаса да болатын еді, бірақ ол ұтты.
Girls 12 санаты: 1. WCM Сюэ Тяньхао (Қытай, 1835) – 9 ұпай; 2. WCM Ханзада Аманжол (1780) – 9; 3. Тонг Тхай Хоанг Ан (Вьетнам, 1869) – 8½; 29–39. Бибісара Абылайқызы (1694) – 6. Барлығы 93 қатысушы.
Тек қысқартылған Бухгольц коэффициентінің арқасында ғана 2024 жылғы Әлем кубогының жеңімпазы – қытайлық ойыншы 1-орынға шықты. Ақтөбеде тұратын 2024 жылғы Қазақстан чемпионының шеберлігі ең жоғары бағаға лайық.
Осылайша, 2 алтын медаль (Аланна Берікқызы, G10, және Марк Смирнов, O12) мен 1 күміс медальді (Ханзада Аманжол, G12) қанжығасына байлаған Қазақстан медаль есебінде 1-ші орынға шықты (Қытайда 2 алтын және 1 қола медаль). Салыстыру үшін: осыдан бір жыл бұрын біздің жас шахматшыларымыз Шарм-эш-Шейхте (Египет) өткен әлем чемпионатынан 1 алтын (Данис Куандыкулы, O10) және 1 қола медаль (Айару Алтынбек, G12) әкелді.