Ғылым мен білімнің интеграциясы: әскери кадрларды даярлау

4158
Фотосурет: ©️ А.Байжұманов/Сенаттың Баспасөз қызметі

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары «Әскери білім және ғылым мәселелері бойынша: түлектерге сұраныс, оларды жұмысқа орналастыру, ғылыми кадрлар, жоғары оқу орнынан кейінгі және әскери оқу орындарында қосымша оқыту» тақырыбы бойынша отырыс өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Суретті түсірген: А.Байжұманов

Комитет төрағасы Андрей Лукин еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери білімнің маңызын атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі заманда қауіпсіздік саласындағы қауіп-қатерлер Қарулы Күштер басшыларынан әскери дағдыны меңгеру ғана емес, әскерді басқару, жанжалды жағдайлардың алдын алу және қақтығысты шешуде икемді және кешенді тәсілдерді қолдана білуді де талап етеді.

Суретті түсірген: А.Байжұманов

«Қатерлер мен міндеттер өзгеріп тұрған жағдайда тиімді әрекет ете алатын маман даярлауда әскери жоғары оқу орындары шешуші рөл атқарады. Әскери оқу орындарының миссиясы білім мен ғылымды біріктіретін оқыту жүйесін құру болып табылады. Бұл қазіргі заманғы әскери іс-қимылда қауіп-қатерге қарсы тұруға қажетті білімі мен дағдыны меңгерген офицерлер даярлаудың кепілі», - деп атап өтті Лукин.

Суретті түсірген: А.Байжұманов

Отырыс барысында әскери істе жасанды интеллекті пайдалану, азаматтық және әскери ғылымды кіріктіру, білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсартудың өзекті мәселелері, сондай-ақ еліміздің жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралардың жұмысы талқыланды. Қарулы Күштердегі кадр тұрақтылығы және азаматтық қорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастық басты тақырыптың бірі болды.

Отырыс қазіргі әлемдегі күрделі міндеттерді шеше алатын маман даярлау үшін әскери білім беруді жетілдіру қажеттігін көрсетті. Қатысушылар оқыту мен ғылыми зерттеулерге озық технологияны енгізудің маңыздылығын атап өтті. Кездесу барысында әскери білім беру жүйесінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуді көздейтін ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ жас кадрларды әскери құрылымдарға тарту және олардың ұзақ мерзімді келешекте қызмет атқаруының маңыздылығы туралы пікір айтылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -