Алматыда рұқсат етілмеген полигондарға қарсы күрес күшейтілуде

3905
Фотосурет: t.me/almaty_akimat

Бір апта ішінде ірі қоқысты дұрыс тастамаған 33 бұзушы анықталды. Барлығына айыппұл салынды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Естеріңізге сала кетейік: Үлкен қоқысты шығару – барлық азаматтар мен кәсіпорындардың міндеті. Қоқысты Іле және Қарасай аудандарындағы полигондарға өз бетінше шығаруға немесе мамандандырылған компанияларға жүгінуге болады.

Мекенжайы: 

Алматы-Өскемен тас жолы, 34/1, https://go.2gis.com/5wg4xn

Айтей ауылы, 144-ші есептік тоқсан, 4690, https://2gis.kz/almaty/geo/70000001051600536 

Абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 20-дан 100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл қарастырылған.

Бұдан басқа, қаланың санитарлық жағдайын жақсарту үшін 2024-2025 жылдары қоқыс жәшіктері алып жатқан аумақтарды қысқартуға және экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік беретін 2000-нан астам жаңа тереңдетілген контейнерлер орнатылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -