Қазақстан мен Ресейдің ғарыш саласындағы ынтымақтастығы

4367
Фотосурет: ҚР ЦДИАӨМ

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 1999 жылғы 18 қарашадағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтан өткізу жоспарлары бойынша қорытынды (келісім) беру және алу тәртібі туралы келісімге сәйкес Ресей тарапы дипломатиялық арналар арқылы 2025 жылға арналған Ғарыш аппараттарын ұшыру жоспарын тапсырды, деп хабарлайды DKnews.kz.

2025 жылы ұшырылымдар келесідей болады:

  • Ресей Федерациясының "Ресейдің ғарыштық қызметі"мемлекеттік бағдарламасы;
  •  халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары;
  • коммерциялық жобалар.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ұсынылған жоспарда әскери мақсаттағы ғарыш аппараттарын ұшыру, сондай-ақ «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды сынақтан өткізу жоқ екенін хабарлады.

Ұсынылған жоспар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ғарыш саласындағы тығыз ынтымақтастықтың жалғасуын, сондай-ақ халықаралық ашықтық нормалары мен қағидаттарының сақталуын көрсетеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -