Шахардан шалғайда жатқан ауылдарда балаң шақтан болашағын әскери саламен байланыстырамын деген бозбалалардың қатары көп. Әскери тұлға болып қалыптасуды бозаң күннен бастаған олар алдымен тәртіпке бағынып, қайтпас қайсар жауынгер болу үшін дене шынықтырып, жігерлерін жани түсуде. Өйткені, олардың көкіректерінде даңқты қолбасшы, Кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлы тәрізді одан қалса жерлес түкті жүректі Ұлы Отан соғысының ардагері, партизан, жазушы Әди Шәріпов сияқты батыл да пайымды тұлға боламын деген ақұштап арман бар. Осы орайда, оң солын әлі де танып үлгермеген жасөспірімдердің бұлақ көзін ашып, бағыт сілтеп, бағдар беру қажет. Міне, Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының үгіт-насихат тобы мектеп оқушыларына әскери оқу орындарды насихаттап, әскерге шақыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданына қарасты Таврия ауылына ат басын бұрды.
Өскеменнен Семейге қатынайтын күре жолдың бойында орналасқан Таврия ауылының тарихы тереңде. Ауылдың ішімен әрілі-берлі ағылған көліктер момақан күн көшкен ауылдың қоңырқай тірлігін қыз-қыз қайнатқандай. Жол бойында жыпырлай салынған дүкендер Екі мыңға жуық тұрғыны бар ауылда орат мектеп ашылған. Ресми тарихы 1945 жылдан бастау алған білім нысаны 2006 жылдың 1 қыркүйегінде 320 орынды жаңа ғимаратқа көшіп, мектеп инфрақұрылымы кеңінен қанат жайған. Мектепте әсіресе, бау-бақша бар. Еңбектің наны тәтті дегендей бау-бақша қызығына кенеледі. Үгіт насихат жұмыстары жүргізілуде. Шара шымылдығы әскердің қажеттілігі жайына бағытталған патриоттық сарындағы ашық сабақпен басталды. Оқушылар жауынгерлік қызметтің аса үлкен жауапкершілікке толы екендігін алға тартып, Отан алдында аяусыз шаһид болған ерлер есімін әспеттеді.
Мектеп оқушыларының бойына патриоттық рух ұялату барысында білім ордасының ұстаздары ілкімді істердің едәуірін атқарып тастаған. Ұлы Отан соғысындағы өлшеусіз ерлік көрсеткен ауыл тұрғындарының есімін ұрпақ жадында жаңғырту мақсатында тәлімдік іс-шаралар үнемі жүзеге асып тұрады. Сондай-ақ мектеп ішіндегі музей құнды жәдігерлерге толы. Ауыл тарихының қашан және қайдан бастау алғаны, ардагерлерге арналған арнайы қабырға, мектептің іргетасы қаланған уақыттан бастап ұстаздық жасаған азаматтарды рет-ретімен тізіп, арнайы дерекнама фотоальбом да жасаған. Сонымен қатар, Таврия өлкесі жайында жазылған ақпараттық, талдамалық жанрындағы мақалалар да көнеден қалған қастерлі мұрадай музей ішінен орын тапқан.
Шарада сөз алған Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының кеңесшісі, ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полковник Айдар Оразбаев оқушы қауымға өзі қызмет еткен жылдардан бір үзік оқиғаны еске салып, Ұлттық ұлан жауынгерлерінің қоғамдағы рөліне айрықша тоқталды. Еске салсақ, таяуда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін «Айбын» орденімен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының екі бірдей әскери қызметшісі марапатталған болатын. Ардагер ерлігі ел есінде қалатұғын бүгінгі күннің батырларын барынша әспеттеп, жас буынға ерен жұртқа үлгі болған тұлғалардай қырандай қырағы болып, қоғам қамқоршысы болуға шақырды.
- Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери қызметшілер әскери бөлім аумағында да, тіпті жауынгерлік қызметтен тыс уақытта да көрсеткен өлшеусіз ерлігі баршаға аян. Айталық, 3477 әскери бөлімінің штаб бастығы подполковник Денис Шемет оқу-жаттығу кезінде кенеттен жарылған жауынгерлік гранатадан әскери қызметшіні өз денесімен жауып қалған.Қазіргі таңда ұландық өз қызметін әрімен қарай жалғастыруда. Офицер өлшеусіз ерлігі үшін Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Ұлттық ұлан қызметшісіне мемлекеттік награданы Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденов табыстады. Ал 6699 әскери бөлімінің аға сарбазы, ефрейтор Жанасбек Пермабек Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Рақымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Ефрейтор биылғы маусым айында Өскемен қаласында еңбек демаласында жүріп, Үлбі өзенінің жағасында серуендеп жүрген. Көмек сұраған айқайларды естіген олар өзенге батып бара жатқан қызды байқап, оны дереу құтқарады. Осылайша ефрейтор Жанасбек өзеннің қатты ағысына қарамастан, қызды өзен жағасына шығарып, оны досының қолына аман-есен тапсырады. Жауынгердің жанкешті әрекетінің арқасында қыз өлім аузынан қалады. Мен үшін жауынгерлік қызметтің орыны бөлек. Сондықтан, қолбасшылық бейбіт өмірдегі ұлт тұтастығын қадағалап, айрандай ұйыған елдің аборойын асыруда жан аямай еңбек етуде. Мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ұрысқа қабілетті маңдайалды құрылымдардың біріне айналған Ұлттық ұлан әскері ерлік пен мінсіз қызметтің жоғары үлгісін әлі де көрсете бермек. Өлкедегі түзеу мекемелерінде қырандай қырағылық танытып, тәртіпсіздіктің жолын кессе, өңірдегі стратегиялық нысандарды көзінің қарашығындай қорғауда табанды қызметтер атқарудан еш тайынған емес. Отанымыздың қауіпсіздігін жанқиярлықпен қорғауда әскери қызметшілердің ерлігі орасан зор. Себебі, жауынгерлер ел тыныштығын күзетуді - отансүйгіштіктің нағыз айнымас белгісіне балайды, - дейді отставкадағы полковник.
Өңірлік қолбасшылықтың тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар басқармасының офицері майор Берік Раев болса оқушыларға Ұлттық ұлан академиясы жайында мағлұмат таратып, әскери оқу орынға қызығушылық танытқандардың бағытын айқындап, толассыз оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Мектеп оқушысы Нұртілеу Ахметов болашағын әскери саламен сабақтастырғысы келеді. Алдағы уақытта офицер болуды мақсат тұтқан ол мектепті тәмамдағаннан кейін Ұлттық ұлан академиясына түсемін деп шешім қабылдады. Іс-шарада оқушылармен қатар олардың ата-аналары да төбе көрсетті. Оқушы қауымның ата-аналары әскери қызметшілермен ұдайы байланыс орнатуды жөн көріп, балаларының болашағын әскери салаға бұруды бұрнағыдан қаперінде ұстап жүргендерін ашып айтты. Талабы таудай талапкерлер шара соңында қаладан қашықта жатқан елдімекенге ат басын бұрған ұландықтарға алғысын білдірді.
Лейтенант Рүстем Мұхамет-Рақым, Өскемен қаласы