Ұландық сарбаз ерекше қамқорлығымен көзге түсті

17446
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

5573 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жас сарбаз, қатардағы Жантас Аңсар Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының саммиті кезінде қала көшелерінің бірінде қызметте жүріп, халыққа қол ұшын созған, деп хабарлайды DKnews.kz.

Тайғақ жерде азаматтардың құлап қалмауы, жарақаттанбауы үшін ол әрқайсысына көмектесіп тұрған.

- Саммит кезінде күшейтілген режимде қызмет атқардық. Сол кезде балалар, қарт кісілердің тайғақ жерден әрең өтіп жатқандарын байқап қалдым. Әсіресе балалар, әйел кісілер мен қарт кісілерді қолдау артық болмас дедім . Екі күн қатарынан сол жерде қызметте тұрып, тұрғындарға көмектестім. Менің орнымда болған әр азамат дәл осылай жасайтын еді деп ойлаймын.

Осылайша екі күн қызметінде шамамен 300-дей азаматқа көмегін тигізген Жантас әлеуметтік желіде жұлдызға айналды. Халықтың ерекше ілтипатына бөленген сарбазға  ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков 10 күндік демалыс жариялады. Бүгінде Аңсар Павлодар қаласына аттанып, жақындарымен қауышуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -