Балқаш қаласында әуежай қайта жаңартылуда

3025
Фотосурет: Gov

Қазіргі таңда ішкі демонтаждау жұмыстары жүріп жатыр, сыртқы инженерлік желілер салынуда, сондай-ақ екі қосымша жапсаржайдың құрылысы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды DKnews.kz.

Естеріңізге сала кетейік, жоба екі кезеңнен тұрады. 

Біріншісі – жермен жүру жолдары мен перронды қайта құру. 

Екіншісі – аэровокзал ғимаратын күрделі жөндеу және арнайы көлік қызметінің ғимаратын салу.

Қазірдің өзінде қауіпсіздіктің бүйірлік жолақтары жабдықталған, заманауи жарық-сигналдық жабдық орнатылған. Мұздан тазартатын сұйықтық пен ағынды суларға арналған резервуарлардың құрылысы аяқталуға жақын. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.

Аэровокзалды қайта құру және арнайы көлік қызметі ғимаратының құрылысы 2025 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Әуежай инфрақұрылымын жаңғырту қаланың дамуы мен туризм үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады деп күтілуде. Жоспар бойынша жолаушылар ағыны үш есеге – жылына 13 мыңнан 40 мың адамға дейін өсуі тиіс.

Әуежайды жаппай жаңарту қажеттілігі бұрыннан өзекті: нысан 1967 жылы салынған, соңғы рет әуе айлағы 2007 жылы жөнделген.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -