Air Astana мен Kazakh Tourism Қазақстанға туристер ағынын арттыру стратегиясын дамытып жатыр

1386
Фотосурет: @PR_AirAstana

17 қазан күні Air Astana әуекомпаниясы мен Kazakh Tourism ұлттық компаниясы Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Құжат Қазақстанды туристер үшін тартымды ел ретінде таныту және туризмді дамыту бағытында тараптардың өзара ынтымақтастығын көздейді. 

«Бұл меморандум Қазақстанды шетелде кеңінен танытуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Біздің ортақ мақсатымыз - еліміздің беделін арттырып, оны шетелдік туристер үшін қызықты әрі тартымды саяхат бағытына айналдыру», – деді Air Astana әуе компаниясының сату және маркетинг жөніндегі вице-президенті Жанна Шаяхметова.
«Біз туризмді дамыту бойынша бірлескен жұмысты Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея және Парсы шығанағы елдері сияқты басым туристік нарықтарда күшейтеміз. Ынтымақтастық аясында қазірдің өзінде шетелдік туроператорлардың каталогтарына Қазақстан бағыттарын енгізу мақсатында b2b кездесулер мен ақпараттық турлар ұйымдастырылды», – деді Kazakh Tourism ұлттық компаниясының басқарма төрағасының міндетін атқарушы Даниел Сержанұлы.

Kazakh Tourism компаниясымен серіктестік Air Astana компаниясының Қазақстанға туристер ағынын арттыруға бағытталған стратегиялық жұмыстарының жалғасы болды. Биыл әуе компаниясы бағыттар желісін едәуір кеңейтіп, 20-дан астам жаңа рейс ашты және сұранысқа ие бағыттардағы рейстер жиілігін арттырды. Бұл қадамдар Қазақстанның көлік қолжетімділігін күшейтіп, шетелдік туристердің елімізге қызығушылығын арттыра түседі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -