Джиу-джитсу: Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған турнир

5962
Фотосурет: Gov

Алматы облысында Өтеген Батыр ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына орай жасөспірімдер арасында джиу-джитсудан «Sagadat Batyr» халықаралық ашық турнирі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

4 жастан 13 жасқа дейінгі Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан 400-ден астам спортшы қатысты. Жас спортшылардың жекпе-жегін Халық қаһарманы, генерал-полковник Сәт Тоқпақбаев, Олимпиада чемпионы Василий Жиров және Сағадат Нұрмағамбетовтің қызы Айсұлу Нұрмағамбетова сияқты құрметті қонақтар тамашалады.

Турнирдің басты мақсаты – қаһарман батырларымыздың ерлігін ұлықтау, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -