Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиевтың төрағалығымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) Арнайы жұмыс тобы мен Аға лауазымды тұлғалар комитетінің отырыстары өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Іс-шараға қатысушылар Қазақстан төрағалығымен әзірленген ұйым Жарғысының жобасы бойынша пікір алмасып, АӨСШК Сыртқы істер министрлері кеңесінің қарауына ұсынылған құжаттардың жобаларын талқылап, Кеңестің Бас хатшысы Қайрат Сарыбайдың Хатшылық жұмысының қорытындылары туралы есебін тыңдады, сондай-ақ АӨСШК өлшемдерінің басым салаларындағы үйлестіруші және қос-үйлестіруші мәселелері қаралды.
Отырыстар нәтижесінде аға лауазымды тұлғалар Сенім шараларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын және АӨСШК Хатшылығының 2025 жылға арналған бюджетін бекітті, сондай-ақ Хатшылыққа ШЫҰ, ЕАЭО, БҰҰ-ның АТМЭӘК және Терроризмге қарсы басқармасы сияқты ұйымдармен сыртқы байланыстарды нығайту бойынша одан әрі жұмыс жүргізуге уәкілеттік берді.
Сонымен қатар іс-шараға қатысушылар АӨСШК-де бақылаушы мәртебесін алуға үшінші елдердің өтініштерін қарастырды.