Қала үшін негізгі бағыттардың бірі көлік инфрақұрылымын дамыту болып қала береді, деп хабарлайды DKnews.kz.
2025-27 жылдарға арналған бюджеттің тиісті жобасын Алматы Мәслихатының алдағы сессиясында қарау жоспарлануда Бұл туралы қалалық Мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады
Мәселен, бюджетте алдын ала ақпарат бойынша 300 км жолға орташа жөндеу жүргізуге, 30 км тротуарларға, аялдама қалталары мен алаңдарына, сондай-ақ басқа да көлік құрылыстарына 35,8 млрд теңге бөлу жоспарлануда.
Экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында қалалық қоғамдық көлікті жаңарту бойынша жұмыстар жалғасатын болады. 2025 жылға арналған бюджет жобасында газбен жүретін 600 автобус пен 200 электроавтобус сатып алу жоспарланған.
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы аясында қалаға қосылған аумақтардағы Жас Қанат, Шұғыла, Әлмерек, Ақжар, Рахат, Мәдениет, Боралдай ш/а жол құрылысы жалғасады. Жаңа жолдарды салу қалаға қоыслаған аумақтардағы 70 мыңнан астам тұрғынды қамти отырып, көлікк қызмет көрсетуді едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.
2025 жылы Сейфуллин даңғылы - Жансүгіров көшесінің қиылысында және Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін, Абай даңғылынан қала шекарасына дейінгі жол айрықтарының құрылысын аяқтау жоспарланған.