Қазақстан экологиялық қауіпсіздік жолында: 2024 жылдың басты қорытындылары

2233
Фотосурет: Gov

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2024 жылғы қызметінің қорытындылары туралы вице-министрлер Ж.Әлиев пен Н.Шәрбиев баяндады, деп хабарлайды DKnews.kz.

 Ж.Әлиевтің  сөзінше:

«2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі ең ірі 50 өнеркәсіптік кәсіпорындағы I-санаттағы объектілер арасында зиянды шығарындылардың 6% төмендеуіне қол жеткізілді. Алдағы уақытта ЕҚТ енгізе отырып, кешенді экологиялық рұқсаттарға көшуге байланысты эмиссиялардың одан әрі төмендеуі күтілуде»

Ол сондай-ақ өңірлердің экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша Жол карталарын іске асыру барысы, қоршаған ортаға эмиссияларды мониторингілеудің автоматтандырылған жүйелерін (АЖМ) орнату, климаттық саясат мәселелері, экологиялық заңнаманы сақтау жөніндегі тексерулердің қорытындылары, ЕсoQoldaý жаңғырту және пайдаланудан шыққан көлік құралдары мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын бағдарламаларын (ВЭТС және ВЭССХТ) кәдеге жарату, сондай-ақ «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізу туралы және т.б. турасында айтты.

Вице-министр Н.Шәрбиев өз баяндамасында іс-шараға қатысушыларды еліміздің орман қорына 2 млрд. ағаш отырғызу жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасының іске асырылу барысы жайында, сонымен қатар Арал теңізінің құрғаған табанына (ОДАМ) жасыл желектерді отырғызу, алдағы жылға отырғызу материалымен қамтамасыз ету, ормандарды өрттен қорғау, табиғат қорғау мекемелерін техникалық жарақтандыру, өрттерді ерте анықтау жүйелерін орнату, экологиялық туризмді дамыту, жануарларды  қайта жерсіндіру және қорғау сынды тақырыптарды қозғады.

Сондай-ақ, спикерлер алдағы кезеңге арналған жоспарларын айтып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -