Қарағанды кәсіпорындарындағы еңбек қауіпсіздігі

3542
Фотосурет: Gov

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында өңірдің бірқатар кәсіпорындары мен әлеуметтік нысандарын аралады, сондай-ақ азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, халықпен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz. 

А.Сарбасов жұмыс сапарын Қарағанды облысы Саран қаласының кәсіпорындарынан бастады. Ол «Tengri Tyres» ЖШС қызметімен танысты, онда жылына 3 млн-ға дейін автомобиль шиналары шығарылады. Вице-министр зауыт директорымен ҚР-дағы 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы шеңберінде жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Бұдан кейін Ақмәди Сарбасов, халықаралық сапа стандарттарына сай келетін заманауи жолаушылар автобустарын, электр автобустарын және құрылыс техникасын шығаратын «QazTehna» ЖШС-де болды. Зауыттың жұмысымен танысқаннан кейін бірінші вице-министр кәсіпорын басшылығымен әлеуметтік әріптестік шеңберінде жұмыскерлердің еңбек жағдайларын жақсарту мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, бірінші вице-министр Саран қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызметімен танысты.

Осыдан соң Ақмәди Сарбасов Қарағанды облысының еңбек мобильділігі орталығына, «ИНВА СТО» кресло-арбаларды жөндейтін сервистік орталығына және «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығына барды.

Отбасына көмек көрсетудің бірыңғай орталығында бірінші вице-министр азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, журналистерге брифинг өткізді.

Жұмыс сапарының соңында бірінші вице-министр Кәсіподақ орталығында болып, онда мүгедектігі бар регрессшілермен кездесті. Кездесу барысында зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істейтін адамдар үшін арнаулы әлеуметтік төлемді тағайындау және жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -