Кешенді жоспар: Қазақстан сейсмикалық қауіпсіздікті күшейтеді

3201
Фотосурет: Gov

Төтенше жағдайлар министрлігінде ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында еліміздің сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды, деп хабарлайды DKnews.kz. 

Отырыс бейнеселекторлық режимде орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің, облыстар, Алматы және Шымкент қалалары әкімдері орынбасарларының, сейсмикалық қауіпті өңірлердегі ТЖД бастықтарының қатысуымен өтті. Қатысушылардың баяндамаларында сейсмикалық қауіпсіздік және сейсмологиялық бақылау желісін жаңғырту мәселелері бойынша жұмыстар қозғалды.

 Төтенше жағдайлар, цифрлық даму, ғылым және жоғары білім, өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың басшылары сейсмикалық қауіпсіздікті күшейту және сейсмологиялық зерттеулер инфрақұрылымын дамыту шараларын ұсынды.

ТЖМ ТЖ алдын алу комитеті төрағасының орынбасары Айбол Ақпаров атап өткендей: «Еліміздің республикалық маңызы бар 2 қаласы мен 13 өңірі сейсмикалық қауіпті. Сейсмикалық қауіпсіздік проблемаларын кешенді шешу үшін ҚР Үкіметінің Қаулысымен сейсмологиялық саланы дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған Кешенді жоспары бекітілді. Осы жоспар аясында сейсмикалық тәуекелін бағалау және жер сілкіністерінен болатын залалды болжау, мониторинг желісін кеңейту көзделген».

Сонымен қатар ТЖМ «Азаматтық қорғау туралы» Заңына өзгерістер енгізу шеңберінде мемлекеттің, кәсіпкерлердің және халықтың осы саладағы өзара қарым - қатынасын реттейтін жеке тарау енгізуді ұсынды.

Отырыс қорытындысы бойынша вице-министр Батырбек Әбдішев мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жетекшілік ететін бағыттар бойынша адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін жүргізуді, сейсмикалық құбылыстардың алдын алу және әсерін азайту жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.

Отырыс соңында хаттамалық шешім қабылданды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -