Жетісу облысының Ескелді ауданында 10 айдың қорытындысы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 4 мыңға жуықтады, онда 7 мың адам жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды DKnews.kz.
Фотограф: Жеңіс Ысқабай
Бұл жайында бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Ескелді ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында белгілі болды, деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Аудандағы бизнес субъектілерінен бюджетке 1,4 млрд. теңге салық жиналып, бұл көрсеткіш былтырғыдан 30%-ға артқан. Ал өткен 10 айда мұндағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 7,6 млрд. теңгені құрады, жыл соңына 3% өсіммен 8,4 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Осы орайда саланы мемлекеттік қолдау аясында биыл ауданда 653 млн. теңгеге 16 жоба субсидияланып, 10 жобаға кепілдік берілді.
Фотограф: Жеңіс Ысқабай
Жыл басынан ауданға 25,5 млрд. теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімінен 1,8 есеге артық, тартылған инвестициялардың
20,4 млрд. теңгесі немесе 80%-ы бюджеттен тыс көздерге тиесілі. Биыл ауданда 10,3 млрд. теңгеге жоспарланған, 5 жобаның 3-еуі жүзеге асырылды.
Фотограф: Жеңіс Ысқабай
Қалған 2 жобаны жылдың аяғына дейін іске асыру көзделген. Олардың ішіндегі ірісі – құны 10,2 млрд. теңгені құрайтын Қора су электр станциясы. Сонымен қатар 2025-2027 жылдары Қора өзенінде қуаттылығы жылына 18,5 млн. кВт/сағ болатын тағы бір ГЭС құрылысы жоспарланып отыр Бейбіт Исабаев