Қарағанды облысының Нұра кенті Қазақстандағы ең мейірімді деп танылды

5599
Фотосурет: Gov

Қарағанды облысының Нұра кенті "Жыл еріктісі" халықаралық сыйлығында және "Игі істер марафоны" жобасында "ЕҢ МЕЙІРІМДІ АУЫЛ – 2024" номинациясы бойынша марапатқа ие болды. Жеңімпаздар 60 түрлі санатта таңдалды, олардың бесеуі ерекше болды. Солардың бірі – "ЕҢ МЕЙІРІМДІ АУЫЛ – 2024", деп хабарлайды DKnews.kz.

Астанада "Жыл еріктісі" сыйлығының лауреаттары марапатталды.

– Мен, әрине, жеңеміз деп күткен жоқпын. Бұл жоғары деңгейдегі үлкен байқау. Қатысушылар өте лайықты адамдар болды. Мысалы, қан құюды қажет ететіндерге үнемі қан тапсыратын отбасы болды. Мен сол жанұяның отағасымен қол алысып, оның батыр екенін айттым. Ал ол маған: "Мұнда бір барлығымыз батырлармыз" деп жауап берді, – дейді Нұра жастар ресурстық орталығының директоры және NuraArnasy еріктілер тобының жетекшісі Талғат Шолтаев. 

Талғат Шолтаев осы күзде тұтқыр балшыққа батып бара жатқан жылқыны жалғыз өзі құтқарған кезде бүкіл Қазақстанға танымал болды. Бейне Қазнетте тез тарап кетті.

– Мен бұл жылқыны қалай тарта алғанымды, күшім қайдан пайла болғанын білмеймін. Содан кейін төрт күн тұра алмадым: белім ауырды. Бірақ бізге сыйлық аоуға себеп болған тек жылқыны құтқарғаным емес. Біз үнемі волонтерлік қызметпен айналысамыз. Қарқаралыдағы су тасқыны, өрт кезінде өзіміз шығып, жеке көмек көрсете алмасақ та, біз әрқашан гуманитарлық көмек жинап, жөнелтетінбіз. Біз демеушілерді белсенді түрде тартамыз, қарттар үйіне көмектесеміз. Сондай-ақ біз жастарымызды, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан да тартамыз, – дейді Талғат Шолтаев.

Сондай-ақ, "Игі істер марафоны" жобасы аясында Шахтинск еріктілері "Инклюзия бағытындағы көшбасшы" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. 

– Біздің еріктілер бірлестігі Мейіржан Шаяхметовтың "Қамқор-2007" бірлестігімен бірлесе отырып, түрлі салаларда жұмыс істейді, бірақ ең көп көмек мүгедек балаларға беріледі. Біз олар үшін іс-шаралар өткіземіз, қаламыздың тұрғындары толтыратын "Мейрімділік себетінен" азық-түлік таратамыз, сапарлар ұйымдастырамыз. Мысалы, жазда ерекше қажеттіліктері бар балаларды Астанаға апардық, ал жақында олар үшін Қарағандыға сапар ұйымдастырдық. Балаларды киноға және балалар паркіне апардық, – деді Шахтинск жастар ресурстық орталығының жетекшісі Алексей Варзаев.

Шахтинск еріктілері "Инклюзия бағытындағы көшбасшы" номинациясын ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жыл сайынғы "Таңшолпан" фестивалін ұйымдастырғаны үшін алды. Биыл оған Қарағанды облысынан 150-ден астам адам қатысты. Олар ән айтты, биледі, өлең оқыды және әртүрлі шығармашылық нөмірлерді ұсынды.

Шахтинск тек балаларға ғана көмектеспейді. Олар сондай-ақ зооволонтерлік және экоактивизммен айналысады.

Қарағанды облысы бойынша "Жыл еріктісі" сыйлығының номинацияларының жеңімпаздары атанғандар:

- "Зообақылау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін" – Ольга Королева (Қарағанды);

- "Тарихи-мәдени мұраны сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін" – Айша Әзімбай (Қарағанды);

- "Қоршаған ортаны сақтауға және қорғауға қосқан үлесі үшін" – Елена Варганова (Теміртау).

 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -