Нұра ауданында көрнекті қайраткерлердің мерейтойлары атап өтілді

4180
Фотосурет: Gov

Нұра аудандық мәдениет үйінде "Төртеу түгел болса…" деген атаумен Шоң Телғозұлының 200 жылдығына, Қайып Айнабековтің 140 жылдығына, Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына және Бүркіт Ысқақовтың 100 жылдығына арналған салтанатты іс-шарасы өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл даталарға орай айтыс ұйымдастырылды, ақындары Дидар Камиев, Төлеген Әділов, Мақсат Аханов және Айтбай Жұмағұлов қатысты. Олар ұлы тарихи тұлғаларды ғана емес, туған өлкенің сұлулығын да шырқады.

Сондай-ақ, концертте Мақсат Аханов пен Дидар Камиев дуетпен өнер көрсетті. Бұған дейін орындаушылар "Алтын домбыра – 2023" байқауында екінші орын алған болатын.

Іс-шара соңында аудан әкімі Бақытжан Мұқанов және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Зарық Мақсұтұлы айтыскерлерге алғыс айтып, олардың әрқайсысына ақшалай сертификаттар табыс етті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -