Конституциялық реформалардың нәтижесінде Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілеттігі айтарлықтай кеңейіп, әр облыста оның өкілдіктері пайда болды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты адам құқықтарының бұзылуына байланысты күрделі мәселелерді шешуге көмектесетін тәуелсіз орган, қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы делдал ретінде әрекет етеді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымы 2002 жылы құрылған, бірақ оның заманауи келбеті соңғы жылдары ғана қалыптаса бастады. Бүгінде оның заңнамалық тәуелсіздігі мен негізсіз араласудан қорғайтын иммунитеті бар.