Ғылым және қорғаныс синергиясы: жоғары оқу орындары бірлескен жобалар туралы келісті

4268
Фотосурет: Gov

Астанада әскери және азаматтық жоғары оқу орындары келісімге қол қойды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті мен Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті ынтымақтастық туралы келісті. 

Әскери жоғары оқу орнының атынан құжатқа генерал-майор Асқар Мұстабеков, агротехникалық университеттен – басқарма төрағасы Қанат Тіреуов қол қойды.

Келісім өзара ғылыми іс-әрекетті дамытуға, инновациялық шешімдерді енгізуге, бірлескен зерттеу жобалары мен білім беру бағдарламаларын іске асыруға бағытталған.

"Ғылыми-зерттеу және білім беру қызметіндегі күш-жігерді біріктіру жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетін нығайтуға және қорғаныс және қауіпсіздік саласында жоғары білікті мамандарды даярлауға негіз болады" ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ректоры Қанат Тіреуов әскери білім мекемесімен әріптестік ғылыми жобаларды іске асыруға және білікті мамандарды даярлауға жағдай жасайтынын алға тартты.\

Жоғары оқу орындарының басшылары келісімге келіп, ынтымақтастықты дамыту ғылыми әлеуетті нығайтуға және инновациялық дамуға бағытталған елдің жетекші білім беру мекемелері арасындағы өзара іс-әрекеттің жаңа кезеңі болмақ деп атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -