Астанада шахматтан ерлер мен әйелдер арасындағы 2024 жылғы Қазақстан чемпионатының финалы аяқталды, деп хабарлайды DKnews.kz.
18 жасар Әмина Қайырбекова мерзімінен бұрын – мәреге бір тур қалғанда чемпион атанса, ерлер арасындағы алтын медаль үшін жарыстың нәтижесі тай-брейкте ғана анықталды: блицтен екі партияны да, онымен бірге чемпион атағын да 24 жасар Денис Махнёв ұтты.
2017 жылдың сәуірінде Әмина Қайырбекова Қазақстан чемпионатының финалында 10 қатысушының ішіндегі ең жас (11 жасар) ойыншы болатын. Тура сол жылы ол кадеттер арасындағы әлем чемпионатында 12 жасқа дейінгілер санатында қола медальді жеңіп алды.
Қазақстанның келесі екі чемпионатында астаналық шахматшы 7-ші орынға ие болды, ал 2020 жылы топ жарды – 3-ші орынға көтерілді!
Осыдан бір ай бұрын Бразилияның Флорианополис қаласында өткен 18 жасқа дейінгілер санатындағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Әмина күміс жүлдегер атанды. Ал қазір ол өзінің туған қаласында тамаша нәтиже көрсетті: 12 турда 9½ ұпай жинап (7 жеңіс және 5 тең ойын), мәреге бір тур қалғанда өзіне мерзімінен бұрын чемпион атағын қамтамасыз етті.
Шымкенттің 17 жасар ойыншысы Аяулым Қалдарова мен Атырау спортшысы 15 жасар Зарина Нұрғалиеваның алғаш рет жүлдегер атануы өте қуантады. Сондай-ақ 14 жастағы алматылық Елназ Қалиахметтің биіктегі 5-орынға жеткені жағымды жаңалық болды.
Ойын жағдайы (әйелдер):
1. WIM Әмина Қайырбекова (2309) – 10½ ұпай;
2. WFM Аяулым Қалдарова (2144) – 9;
3. WFM Зарина Нұрғалиева (2263) – 8½;
4. WGM Алуа Нұрман (2330) – 8½;
5. WFM Елназ Қалиахмет (2113) – 8½;
6. WGM Лия Құрманғалиева (2266) – 7;
7. WIM Әсел Серікбай (2236) – 7;
8. WGM Ксения Балабаева (2315) – 6;
9. Әсия Асылхан (1833) – 5;
10. WFM Кристина Попандопуло (2039) – 5;
11. WFM Арнаш Бауыржан (1945) – 5;
12. WIM Зейнеп Сұлтанбек (2101) – 4;
13. WCM Аланна Беріккызы (2043) – 4;
14. WFM Айару Алтынбек (2097) – 3.
Осыдан бір жыл бұрын павлодарлық Денис Махнёв алғашқы жеті турда небары 2½ ұпай жинаса, соңғы алтауында 5½ көрсекішіне қол жеткізді! Бірақ ол кезде «таза» бірінші орынға шығу үшін 8 ұпайы жеткіліксіз болып, оның 15+10 рапидінде «бесеудің матч-турнирінде» ойнауына тура келді, сөйтіп онда ол 3-ші орын алды.
Денис Махневтің осы турнирде қарсыластары мықты болды.
Шешуші партияда Ағманов Махнёвқа қарсы ақ фигуралармен ойнады, сөйтіп... ақтардың 20-шы жүрісінен кейін қарсыластар тең ойынға келісті, осылайша олардың сайысы 3+2 уақыт бақылауы жасалатын екі партия ойналатын және тең ойын жағдайында армагеддон болатын блицке ауыстырылды!
Матч-турнир (рапид 15+10):
1–2. IM Жандос Ағманов (2391) және GM Денис Махнёв (2531) – 1½ ұпайдан;
3. IM Әбілмансұр Әбділқайыр (2244) – 0.
Түйедей құрдастың (24 жасар Денис Жандостан бір ай ғана кіші) екі партиясы да Денистің жеңісімен аяқталды. Осы чемпионаттың ең атақты қатысушысының құны әртүрлі 4 медальдан (1 – 1 – 2) тұратын топтамасына екінші алтын медаль қосылды (1 – 1 – 2).
Матч (блиц 3+2):
1. GM Денис Махнёв (2561) – 2 ұпай;
2. IM Жандос Ағманов (2456) – 0.
20 млн теңге мөлшеріндегі жүлде қоры ерлер мен әйелдер арасында бірдей бөлінді: чемпиондар 3 млн теңгеден алады, 2-ші орындар үшін – ₸2,2 млн, 3-ші орындар үшін – ₸1,5 млн, 4-ші орындар үшін – ₸1,2 млн, за 5-ші орындар үшін – ₸900 мың, 6-шы орындар үшін – ₸700 мың және 7-ші орындар үшін ₸500 мың беріледі.