Ұландар азаматтарға көмек көрсетті

5599
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

12 желтоқсан күні қоғамдық тәртіпті қадағалау кезінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері елорда тұрғыны мен шетел азаматына көмек көрсетті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Оқиға Мәңгілік ел даңғылы мен Д. Қонаев көшесінің қиылысында орын алған. Сағат 15:00 шамасында қатардағы жауынгер Дәулет Азамат патрульдеу кезінде жылап жатқан баланы байқады.

- Мен баланың жанына жақындаған кезде, оның 7 жасар қыз екенін білдім және ол қосымша сабақтарға бара жатып, жол таба алмай адасып кетіпті. Содан кейін мен оқиға туралы дереу лейтенант Александр Дрягинге хабарладым. Біз баланың ата-анасын іздеу жұмыстарын ұйымдастырдық. Біраз уақыттан кейін біз қыздың анасын тауып, хабар бердік, - деді қатардағы жауынгер Дәулет Азамат.

Сондай-ақ, Ақмешіт көшесіндегі "MEGA SILKWAY" сауда-ойын-сауық орталығының жанында қызмет атқару барысында Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне Тәжікстан азаматы өзін өте нашар сезініп тұрғанын айтып, көмек сұрады. Қатардағы жауынгер Елжас Дүйсешев бұл туралы ақпаратты лейтенант Мағжан Есенбаевқа баяндады.

Оқиға орнына жедел медициналық көмек шақырылып, азамат медицина  қызметкерлерінің қолына тапсырылды. Ұландардың жедел әрекеттерінің арқасында тағы бір адам өмірі құтқарылған болуы мүмкін.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -