2024 жылдың басынан бастап ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері әртүрлі мақсаттағы объектілерде 923 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Елордалық өрт сөндірушілер Астана қ. «Talan Towers» көпфункционалды кешенінде өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізді. Оқу-жаттығудың шарты бойынша өрт ғимараттың қойма үй-жайында орын алған. Объект қызметкерлері мен келушілерді қоса алғанда, 1000 адам эвакуацияланды.
«Мұндай оқу-жаттығулардың мақсаты – биік тұрғын үйлер мен кешендерде өртті сөндіру әдістерін пысықтау және өртті сөндіру бойынша түрлі тәсілдерді қолдану», – деді Астана қаласы ТЖД Есіл ауданының ТЖБ бастығы Қайрат Жұмағалиев.
Көкшетауда әуе кемелерін сөндіру бойынша кезекті оқу-жаттығулар өтті. Өрт сөндірушілер ЯК-40 ұшағына жанармай құю кезінде шартты өртті жойды. Оқу-жаттығулардың жетекшісі Ақмола облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша аткарушы Бақытжан Алашов осындай сабақтарды өткізудің маңыздылығын атап өтіп, «Өте жақсы» деген баға берді.
Қызылорда қ. Қорқыт Ата әуежайының алаңында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Оқу-жаттығудың барысында ұшу аппараттарындағы шартты өрт оқиғасы кезіндегі жеке құрамның өрт сөндіру іс-қимылдарын жүргізу әдістерін жетілдіру, жолаушыларды қауіпсіз жерге құтқару және эвакуациялау, әуе кемесіндегі өртті сөндіру ерекшелігі мен тактикасын пысықтау, сондай-ақ құтқару қызметтерінің өзара іс-қимылын одан әрі арттыру болды.
Маңғыстау облысы ТЖД қызметкерлері Ақтау қаласыныңхалықаралықәуежайының қызметкерлері әуекемесіндеөрттісөндірукезіндежекеқұрамның іс-қимылынпысықтау бойынша оқу-жаттығуөткізілді. Әуежайда ұшақтың шарттыжануысөндірілді. Оқу-жаттығубарысында 50 шаршыметраумақтажанғышсұйықтықтыңтөгілуібар ұшақ қанатыныңжануыорын алды. Сөндірукөбікпенсудысалқындатуарқылы жүзеге асырылды, жолаушыларменэкипаждықұтқару жұмыстары жүргізілді.
Павлодарда теміржол вокзалында ТЖ жою бойынша оқу-жаттығулар өтті. Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері теміржол вокзалының аумағында төтенше жағдай туындаған кезде іс-қимылдарды пысықтау бойынша оқу-жаттығулар өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты тез тұтанатын сұйықтықтардың тұтануына байланысты өртті сөндіру кезінде лауазымды адамдар мен жеке құрамның өзара іс-қимылын пысықтау болды. Оқу-жаттығу жоспары бойынша теміржол цистернасынан бензин төгіліп, кейін өрт шықты. Өрттің таралуын болдырмау үшін жанып жатқан цистернаны басқа вагондардан ағыту жедел жүргізілді. Өртті сөндіруге ГПС-600 екі өрт сөндіру көлігі жұмылдырылды. Сонымен қатар шартты ТЖ орнына өрт сөндіру пойызы тартылды. Жолаушылар пойызын қорғау үшін КУРС-8 төрт оқпаны пайдаланылды. Оқу-жаттығу аясында вокзал ғимаратынан 58 адам шартты түрде эвакуацияланды. Іс-шараға ТЖД-ның 48 қызметкері және 13 бірлік техникасы қатысты.
Мұндай оқу-жаттығулар қызметтердің ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қоюға дайындық деңгейін арттыру, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ТЖ салдарын азайту үшін тұрақты өткізіліп тұрады.