Өңірлерде «Мұз-2024» республикалық үгіт-профилактикалық акциясы жалғасуда. ТЖМ құтқарушылары мұзда қауіпсіз болу және мұз астында балық аулау ережелерін түсіндіреді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Павлодар облысының ТЖД қызметкерлері күзгі-қысқы кезеңде су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су объектілеріндегі оқиғалардың алдын алу шараларын жүргізуде. Рейдтер барысында ең алдымен халықпен, балықшылармен әңгімелер өткізіледі, парақшалар таратылып, мұздағы қауіпсіздік талаптары бойынша нұсқаулықтар өткізіледі. Осы талаптарды елемейтін, мұзға рұқсатсыз шығуды жүзеге асыратын адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар облыс аумағында су объектілеріне, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып мониторинг жүзеге асырылады.
«Акция басталғалы бері ТЖД қызметкерлері облыста 475 рейдтік іс-шара өткізді, 1498 адамға нұсқау берді, 1547 жадынама таратты. ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша қауіпсіздік талаптарын елемеген 54 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп Павлодар облысы ТЖД бастығы Рустамбек Амрин атап өтті.
Атырау облысы ТЖД қызметкерлері Полиция департаментінің қызметкерлерімен және волонтерлермен бірлесіп ауқымды профилактикалық іс-шара өткізді. Бүгінгі күні Атырау облысындағы су айдындарында мұз қату процесі жүріп жатыр. Профилактикалық шара барысында құтқарушылар балық аулаушылармен, балық аулау дүкендерінің иелерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, өз өмірлеріне қауіп төндірмей, жұқа мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Үгіт-насихат жұмыстары кезінде 70 астам адам ақпараттандырылды.
Абай облысының ТЖД өңір аумағында профилактикалық рейдтер өткізуде. Іс-шаралар барысында азаматтарға су айдындарындағы, әсіресе жұқа мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат беріледі. Сонымен қатар судағы қауіпсіздік ережелерін бұзушыларды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Аталған іс-шаралар қыс-көктем маусымы аяқталғанға дейін тұрақты түрде жүргізілетін болады.
Шымкент қаласы ТЖД қызметкерлері қысқы балық аулау кезінде су айдындарында жүріс-тұрыс ережелерін сақтау бойынша департамент құзырлы мемлекеттік органдармен бірқатарда волонтерлерді жұмылдырып, 9500 дана үгіт материалын таратты, 100-ден астам патрульдеу мен рейдтер және 145 нұсқама жүргізді. Бұл бағыттағы жұмыстар демалыс және мейрам күндері күшейтілген режимде жүргізіледі.
ТЖМ қараңғыда, нашар көрінген кезде және мұз қату және мұз еру кезінде мұзға шығуға қатаң тыйым салынатынын, мұздың қауіпсіз қалыңдығы бір адам үшін 10 сантиметрден кем емес екендігін тынымсыз ескереді.
Мұзда болған кезде:
1) мұздың жұқа және жетілмеген жерлеріне шығуға;
2) мұздың жекелеген (қауіпті) учаскелерінде топтармен жиналуға;
3) мұздағы ойықтарға, жарықтарға, ойықтарға жақындауға;
4) өткелдер үшін бөлінген орындардың шекарасынан тыс көлік құралдарымен мұзға шығуға;
5) от жағуға;
6) 20 сантиметрден аз қашықтықта екі тесікті, ал басқа жұп тесіктерден 2 метрден аз қашықтықта екі тесікті тесу;
7) мұзда жабдықтар мен қоқыстарды қалдыруға жол берілмейді.
Мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар, қарапайым сақтық шараларын орындау - қауіпсіздігіңіздің кепілі! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!