Шалғай ауылдарға арналған телемедицина: денсаулық сақтаудың жаңа көкжиектері

4367
Фотосурет: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында медицина саласының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесу барысында денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Султанғазиев және Міндетті медициналық сақтандыру қорының басшысы Әбілқайыр Сқақов аймақтағы жағдай туралы баяндады. Қызмет көрсету сапасын арттыру, дәрігерлердің кәсіби деңгейін көтеру, саланы цифрландыру және инфрақұрылымды дамыту сияқты денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері талқыланды. Президенттің тапсырмасы бойынша қолға алынған «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының атқарылу барысы қаралды. 

Бағдарлама аясында жоспарланған 27 нысан құрылысының 16-сы (15 дәрігерлік амбулатория, 1 медициналық пункт) былтыр аяқталған. Биыл қалған 11-ін аяқтау көзделіп отыр. Шалғай ауылдардағы тұрғындардың қызметке қол жеткізуін қамтамсыз ету үшін телемедицина мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажеттілігі де қозғалды.

Кездесуде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы сұрақтар да көтерілді. Вице-премьер бұл ретте сақтандырылған азаматтар барлық қажетті медициналық көмекке қол жеткізуі керектігін баса айтты. 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -