Қазақстан армиясының рәміздері: қыранды жұлдыздан жауынгерлік бауырмалдыққа дейін

1397
Фотосурет: Gov

18 шілде – Қарулы күштердің әскери рәміздері күні

1996 жылғы он сегізінші шілдеде ҚР Президентінің "Қарулы Күштердің әскери рәміздері туралы" Жарлығына қол қойылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Әскери рәміздер жауынгерлердің ұлттық сипатының ерекшелігін көрсетіп қана қоймай, Отан қорғаушылардың моральдық-жауынгерлік рухын арттырудың тиімді құралы ретінде қызмет етеді.

Қазақстанның әскери рәміздеріне Қарулы күштердің символы (эмблемасы), жалауы, Туы, Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің, Әскери-теңіз күштерінің тулары және әскери бөлімдердің жауынгерлік тулары жатады.

Қазақстан Қарулы күштерінің рәміздері мемлекеттілікті, озық дәстүрлердің сабақтастығын, жауынгерлік серіктестік, патриотизм және адал қызмет сияқты құндылықтарға негізделетінін көрсетеді.

Қарулы күштердің символы – жиектері алтын жолақпен көмкерілген бес бұрышты жұлдыз. Жұлдыздың ортасында күн сәулесі және оның астында қалықтаған бүркіт бейнеленген.

Қазақстан Қарулы күштері түрлерінің тулары олардың сол әскерге қатыстылығын көрсетеді және әскери ұжымның бірлігі, өр рухы мен бірлігі идеяларын бейнелейді.

Жауынгерлік ту – әскери бөлімнің жәдігері, оның жауынгерлік жолы мен даңқының символы. Бұл әрбір әскери қызметшіге Отанды қорғаудың ерлік дәстүрлері мен қасиетті парызы екенін еске салады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -