Бір күн, екі ант: Қазақстан ұрпақты біріктіреді

15950
Фотосурет: Gov

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде бірнеше шара өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Әскери қызметшілердің балаларына "Ұлт қорғау" әскери-патриоттық клубы ашылды. Балалар елордалық № 88 мектеп-гимназияның 9-сыныбында оқиды. Бұл оларға клуб құрамында кіру ғана емес, робототехниканың негіздерін үйренуге, шахмат ойнауға, садақ атуды үйренуге, көркем еңбек, аэробика және бимен айналысуға берілген жақсы мүмкіндік.

Айтулы күн университет қабырғасында қазақстандықтардың екі буыны Отанға адал болуға ант беруімен ерекшеленді. Әскери-ғылыми взводтың сарбаздары Отанға адал болуға, ал "Жас сарбаз" балалар-жасөспірімдер қозғалысының қатарына кірген оқушылар білімді табандылықпен үйренуге, тәрбиелі және мақсатты болуға ант берді.

Іс-шараға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, әскери қызметшілер мен университет қызметкерлері, сарбаздардың туған-туыстары қатысты.

Жас жауынгерлер мен жас сарбаздықтарды ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков маңызды оқиғамен құттықтады. 

Жас жауынгерлерге мықты денсаулық, толағай табыс тілеп, барлық бастамаларға сәттілік серік болсын деді. Бұдан басқа ол клубтағы сабақтар мектеп оқушыларының таланттарын ашуға көмектесетініне сенім білдірді.

Әскери қызметші Диас Нәбиев білім ордасының взводтағы қызметін үлкен үмітпен байланыстыратынын айтты.

"Мен Астана тұрғынымын. Әскерге шақырылғанға дейін елордадағы IТ университетін бітірдім. Ғылыми взводтағы қызмет маған өз әлеуетімді іске асыруға мүмкіндік береді. Алда жүзеге асырғым келетін идеялар бар" Диас Нәбиев

Салтанатты рәсім барысында әскери-патриоттық клуб тәрбиеленушілеріне куәліктер мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

"Менің әкем әскери қызметкер. Бала күнімнен маған казармалар мен әскери өмір таныс. Өсе келе мен де әкемнің жолымен Отаныма және еліме абыроймен қызмет еткім келетінін түсіндім. "Жас сарбаз" қатарына қосылу мен үшін өте маңызды оқиға" тоғызыншы сынып оқушысы Мұқағали Темірхан

Іс-шара соңында Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері жиынға қатысушыларға қару-жарақ үлгілерін көрсетті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -