"Алтын жас": Қарағанды облысындағы зейнеткерлер үшін жұмыспен қамту

6017
Фотосурет: Gov

Зейнеткерлік жас – жұмыс істеймін дегендер үшін шектеу болмауы тиіс. Қарағанды облысында зейнеткерлер үшін жұмыс орындарын ашу туралы шешім қабылданды. Жергілікті бюджеттен жұмыс берушілерге лайықты демалысқа шыққаннан кейін жұмыс істегісі келетін қызметкердің жалақысының жартысы өтеледі, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бағдарламаға Қарағанды облысында тұратын және тіркелген зейнеткерлер қатыса алады. Барлық меншік нысандарындағы ұйымдарда жұмысқа орналасуға болады. Жалақы 50-де 50, яғни жұмыс берушінің қаражатының тең үлесінде және жергілікті бюджеттен субсидиялау есебінен жүргізілетін болады.

Бағдарламаны іске асыру Қарағанды облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығы (Call-орталық – 60-50-50, 8-775-644-35-80), сондай-ақ өңірдің қалалары мен аудандарының мансап орталықтары арқылы жүзеге асырылатын болады.

 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -