Сарыағаштың сыртқы келбетін жақсарту және абаттандыру

3553
Фотосурет: Gov

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласын дамыту, көркейту, абаттандыру жоспары бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысын бақылап, республикалық маңызы бар А-15 тас жолының бойын жаяу аралады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Аралау барысында қала аумағынан өтетін республикалық маңызы бар А-15 тас жолының бойына жүрігізіліп жатқан тазалық, ретке келтіру, абаттандыру жұмыстарының мән-жайын пысықтады. Атқарылып жатқан жұмыстар бойынша аудан басшысы Сарыағаш қаласының әкімі А.Ешанқұлға тиісті тапсырмалар берді. Салаға жауапты орынбасары Мұрат Байгабуловқа тазалық жұмысы барысын жіті бақылауды жүктеді.

Сарыағаш қаласын дамыту, көркейту және абаттандыру жоспарына сәйкес бүгінде қала аумағынан өтетін республикалық маңызы бар А-15 тас жол жиегіне бей-берекет өскен шөптерді ору, қоршау қадаларын ретке келтіру, қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Сарыағаш қаласының сыртқы келбетін ретке келтіру бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Жол бойына орнатылған заңсыз жарнамаларды алып тастау, билбордтарды сырлап, ретке келтіру жұмыстары да атқарылды. Жалпы тазалық жұмыстарына 5 арнайы техника, 50 жұмысшы жұмылдырылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -