Ұлттық ұланда киберқылмыстан қорғаны жолдары талқыланды

4719
Фотосурет: Ұлттық ұлан

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери бөлімдерінде киберқылмыстың алдын алу, сондай-ақ әскери ортада алаяқтық әрекеттерге ол бермеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды DKnews.kz.

Желтоқсанның алғашқы аптасында 6654 әскери бөлімінің жеке құрамы үшін «Киберқылмыс дегеніміз не? Алаяқтық әрекеттердің құрбаны болмаудың қандай жолдары бар?» тақырыбында ақпараттық сағат өтті.

Мамандандырылған топтық кездесуді әскери полицияның аға офицері майор Тимур Кубенов және Алматы облысы Полиция департаментінің Қонаев қаласы қылмыстық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция лейтенанты Бауыржан Нұрбаев, сондай-ақ полиция старшинасы Арман Русланұлы өткізді. Олар әскери қызметшілерге киберқауіпсіздік тұжырымдамасы шеңберінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы туралы егжей-тегжейлі айтып берді және әскери бөлімнің жеке құрамының туындаған сұрақтарына жауап берді.

 "Біз құқықтық тәртіп әскерлерінің әскери қызметшілерін интернет-алаяқтардың қандай схемаларды қолданатыны туралы хабардар етті. Өйткені, «хабардар адам – қарулы адам». Өкінішке орай, бүгінде интернетте алаяқтық жағдайлары жиі кездеседі. Экранның арғы жағында отырған қылмыскерлермен күрес ең алдымен адамның өзінен басталуы керек. Сондықтан интернетте сатып алу немесе төлем карталарын пайдалану кезінде мүмкіндігінше сауатты және мұқият болған жөн. Сондай-ақ, күмәнді сілтемелерге өтпес бұрын, оның қауіпті-қауіпсіз екенін және кім жібергенін зерделеу маңызды" Полиция лейтенанты Бауыржан Нұрбаев

Кездесу барысында офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге алаяқтықтың алдын алу және ескерту жөніндегі жадынамалар табыс етілгенін атап өткен жөн.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының киберқылмысқа қарсы күресті күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ағымдағы жылдың қараша айында Ішкі істер министрлігінде киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті құрылды. Бұл бастама азаматтардың мүдделерін киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл саласындағы өсіп келе жатқан қауіптерден қорғауға бағытталған. Департамент киберқылмыстарды анықтаумен және ашумен, олармен күресудің стратегиялық қадамдарын әзірлеумен айналысады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -