Астаналықтар ерекше балалардың тілектерін орындай алады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Елорданың Алматы ауданында «Ізгілік шыршасы» акциясы басталады, онда қаланың әрбір тұрғыны ерекше балалардың тілектерін орындай алады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Акция ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, ауыр науқастарға, сондай-ақ әлеуметтік аз қамтылған отбасыларда тұратын ерекше балалардың тілектерін орындауға бағытталған.
Тілек карталарын мына мекенжай бойынша алуға болады: Абылай хан даңғылы, 40, SOS Астана қаласының балалар ауылы.
Науқан 28 желтоқсанға дейін жалғасады.