Информатика пәнінен Олимпиада: қарағандылық оқушылар күмісті жеңіп алды

4719
Фотосурет: Gov

Қарағандылық екі оқушы Алматыда өткен информатика пәні бойынша Халықаралық Еуразиялық олимпиаданың XVІ турында екінші орынға ие болды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бес сағат ішінде олар 12 есеп шешуі керек еді.

Еуразиялық олимпиадада Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Әлішер Қазтаев 

және химия-биологиялық бағыттағы НЗМ он бірінші сынып оқушысы Батыр Ерденов жүлдегер атанды.

Оқушылар олимпиадаға команда құрамында қатысты. Әр топта үш адамнан болды. Команданың құрамы осы жылы қарашада, іріктеу кезеңнен кейін бекітілді. Командаластарын қатысушылар мен ұстаздар өздері таңдады. Мысалы, Әлішер Қазтаевтың командасында Тараз қаласының екі жоғарғы сынып оқушылары болды.

– Олимпиада халықаралық болғандықтан және әлемде спорттық бағдарламалау бойынша көшбасшы елдер қатысқандықтан, тапсырмалар оңай болған жоқ. Оларды шешу үшін тек тақырыптарды біліп қана қоймай, оларды бір-бірімен оңтайлы үйлестіре білу керек. Ойлаудың бұл тәсілі біздің сандық кеңістігімізді өзгертті. Мұның нәтижесі – ChatGPT және бізге көмектесетін басқа да қызметтер, – дейді Әлішер Қазтаевты олимпиадаға дайындаған информатика пәнінің мұғалімі Бақтияр Рақымжан.

Оның айтуынша, Еуразиялық олимпиадаға қатысу - бұл мектеп оқушыларының спорттық бағдарламалау бойынша бас әлем чемпионатына – IOI қатысу үшін Қазақстандағы топ-4-ке түсу мүмкіндігі.

Еуразиялық олимпиададағы жүлделі орындар Әлішер Қазтаев пен Батыр Есеновке Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарына түсу кезінде артықшылық береді, сондай-ақ шетелдік университеттер үшін портфолио құрастыру кезінде елеулі жетістік ретінде қарастырылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -