Алматыда Жаңа жылға дайындық жалғасуда. Белгілі нысандар мен ғимараттарды безендіру, шағын сәулет формаларын орнату және шыршалар қоюдан бөлек, мегаполисте қоғамдық көліктер де безендірілді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қала көшелерінде мерекелік тақырыпта безендірілген 100 автобус пен 50 троллейбус жүре бастады.
«Алматыэлектротранс» ЖШС автопаркі қала тұрғындары мен жолаушылар үшін мерекелік көңіл-күй мен жайлылық сыйлауға тырысқанын атап өтті.
«Автобустар мен троллейбустарды безендіру – Алматыдағы Жаңа жылдық атмосфераны жасауға қосқан үлесіміз» кәсіпорын басшысы Александр Бейсембиев