2025 жылы кірістер мен мүлік туралы декларацияны кім тапсыруы керек?

2508
Фотосурет: freepik

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 270.00 нысаны бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну бойынша міндет сақталатынын хабарлайды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ол азаматтардың келесі санаттарына қолданылады:

  • мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар (оның ішінде квазимемлекеттік сектордың басшылары мен құрылтайшылары) және олардың жұбайлары;
  • банктердің, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары және олардың жұбайлары;
  • коммерциялық ұйымдардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары) (АҚ-да дауыс беретін акциялардың 10% - дан астам және одан да көп үлесі) және олардың жұбайлары;
  • жеке практикамен айналысатын тұлғалар;
  • шетелде мүлкі бар тұлғалар (240.00-нысанды ұсыну тәртібіне ұқсас);
  • ЖК табысын қоспағанда, өз бетінше салық салынатын табыс алған тұлғалар;
  • ҚР-да және одан тыс жерлерде жиынтық құны 20 000 АЕК-тен асатын ірі мүлікті сатып алған тұлғалар.

Бұл ретте азаматтар декларацияны e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы, Салық төлеуші кабинеті (cabinet.salyk.kz), "Электрондық үкімет" порталы (egov.kz) көмегімен өз еркімен бере алады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -