Погондағы жасанды интеллект: Ұлттық ұланда “Айгүл" ассистенті мен VR-шлемінің тұсаукесері өтті

5973
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығына "PRO VR" ЖШС стартабының даму жөніндегі директоры Василий Терентьев өз жобасының тұсаукесеріне келді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесу аясында "Айгүл" корпоративтік VR-ассистентімен виртуалды шындық шлемінің жұмыс прототипі көрсетілді.

Даму жөніндегі Директор Василий Терентьев жобаны Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетовпен, Ұлттық ұланның Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар Бас басқармасының офицерлерімен және елордалық гарнизондағы әскери бөлімдердің психологтарымен талқылады.

Кездесу барысында жеке құрамның психологиялық және моральдық жай-күйіне автоматтандырылған талдау жүргізу үшін жасанды интеллектпен қорғалған құрылғыны енгізу мүмкіндіктері, сондай-ақ оны құқықтық тәртіп әскерлерінің күнделікті қызметінде пайдалану перспективалары қарастырылды.

Ұлттық ұлан өз сапындағы әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етудегі міндеттерді шешуде жетекші ұйымдармен өзара іс-қимылға мүдделі. Біздің кездесуіміз экспресс диагностиканың заманауи әдістерімен танысуға және осы бағдарламаларды қолдану саласын зерттеуге бағытталған. Осы маңызды шараны қолдағаны үшін барлық тараптарға терең ризашылығымды білдіргім келеді Генерал-майор Қайрат Үмбетов

"Айгүл" виртуалды шынайы өмірде пайдалану үшін әзірленген, бұл жоба пайдаланушыларға ассистентпен өзара толық іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.

Жасанды интеллекттің арқасында "Айгүл" әрбір пайдаланушының жеке қажеттіліктеріне бейімделе алады.

Кешен аясында әскери қызметшілердің психологиялық жай-күйін бақылаудың жаңа әдістерін қосу нұсқалары да бар. Жүйе биометриялық датчиктер мен мінез-құлықты талдау арқылы жаттығу кезінде әскери қызметшінің психофизиологиялық параметрлерін бақылайды. Стресс деңгейін, эмоционалды тұрақтылықты және қиын жағдайларда шешім қабылдау қабілетін анықтауға көмектеседі Василий Терентьев

Айта кету керек, оқу модульдері мен тестілеу нәтижелері әскери қызметшінің жеке ісіндегі прогресті бақылау үшін басқару жүйелерімен біріктірілуі мүмкін.

Тестілеу аяқталғаннан кейін “Айгүл" әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жағдайы туралы егжей-тегжейлі кері байланыс береді.

Жоба психологиялық жұмыстың тиімділігін арттыру, қол жетімділікті кеңейту және күш құрылымдарындағы диагностиканың субъективтілігін жою мүмкіндігінің арқасында жоғары қызығушылық тудырып отыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -