Лоукостерлермен саяхаттау жаңа мүмкіндіктер ашады – тиімді бағалар мен қарапайым жоспарлау тәсілі оларды уақыт өткен сайын танымал етіп келеді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Алайда, күтпеген жағдайларға тап болмас үшін қолжүгін және жолжүгін тасымалдау ережелерін білу маңызды. Қазақстандық алғашқы лоукостер FlyArystan мінсіз саяхат үшін пайдалы кеңестерімен бөліседі.
Қолжүгі дегеніміз не және оны қалай дұрыс тасымалдау керек?
Қолжүгі – бұл жолаушының тіркелмеген жүгі, ол ұшақ салонында тасымалданады және жолаушылар орындықтарының үстіндегі жүк сөрелеріне орналастырылады. FlyArystan жолаушылары қолжүктерін келесі талаптарды сақтай отырып тегін тасымалдай алады:
- 1 (бір) дана (сөмке/шабадан), оған барлық қажетті заттар сыю керек;
- Салмағы 5 келіден аспауы тиіс;
- Өлшемдері 56 х 23 х 36 см-ден аспауы керек.
Бұл өлшемдер FlyArystan ұшақтарындағы 180/188 жолаушыға арналған орындарға сәйкес жүктерді жүк сөрелеріне еркін сыйғызуға арнайы таңдалған. Бұл ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сөрелердің шамадан тыс жүктелуінен және жолжүк орны үшін жолаушылар арасындағы келіспеушіліктерден сақтануға көмектеседі. Әрбір әуежайда қолжүгінің белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру үшін стандартизатор бар.
Лоукостерлер жолаушылар жолжүктерін ұшаққа отырғызу кезінде бірнеше маңызды себептер бойынша қайта тексереді. Бұл олардың қызмет көрсету ерекшеліктеріне және операциялық модельдеріне байланысты. Қайта тексеру жолаушылардың қолжүгіне қойылған салмақ және өлшем талаптарын орындағанына көз жеткізіп, ұшақ салонындағы жүкті орналастыру үшін жеткілікті орын болуын қамтамасыз етеді.
Егер сапарға қолжүгі жеткіліксіз болса не істеу керек?
Көбірек заттармен саяхаттайтын жандар әуекомпания билетті брондау кезінде «Стандарт Плюс» немесе «Комфорт Плюс» тарифтік пакеттерін таңдауды ұсынады. Бұл пакеттерде ұлғайтылған қолжүгі қарастырылған. Жолаушылар билетті сатып алғаннан кейін немесе әуежайда ұлғайтылған қолжүгін сатып ала алады. Алайда, мұны алдын ала жасау тиімдірек, себебі әуежайдағы тарифтер жоғарырақ болады.
Сондай-ақ, FlyArystan мобильді қосымшасы немесе сайтында «10 келі қолжүгі» қызметін алдын ала сатып алу арқылы 60%-ға дейін үнемдеу мүмкіндігі бар. Бұл техника, қосымша құжаттар немесе ұшу кезінде қолда болуы тиіс басқа заттарды өзіңізбен бірге алуды жоспарласаңыз, өте ыңғайлы.
Duty Free дүкендерінен сатып алынған заттар да қолжүгі болып есептелетінін атап өту қажет. Бұл кезекте, олар бір дана сөмкеден аспай, талап етілетін өлшемдерге сәйкес келсе ғана салонға тасымалдауға рұқсат етіледі. Егер қолжүгі белгіленген параметрлерге сәйкес келмесе, оны тіркеу және жолжүк ретінде өткізу қажет немесе сайтта немесе қосымшада алдын ала жолжүк сатып алуға болады.
Жолжүкті қалай және қайдан сатып алуға болады?
Саяхаттың тиімді болуын қамтамасыз ету үшін FlyArystan рейсті алдын ала жоспарлап, «Комфорт» немесе «Комфорт Плюс» тарифтік пакеттерін сатып алуды ұсынады. Бұл пакеттерге 20 кг жолжүк кіреді. Сондай-ақ, жолжүкті әуекомпанияның сайтында немесе қосымшасында сатып алуға болады. Бұл тіркеу орнындағы қосымша шығындардың алдын алуға көмектеседі, себебі ондағы қызмет құны қымбатырақ болуы мүмкін.
Бір жолжүк бірлігінің максималды салмағы 32 кг, ал өлшемдері – 158 см х 158 см х 158 см-ден аспауы тиіс.
Жолжүкті тасымалдауға қойылған қатаң ережелер лоукостерлерге билеттердің төмен негізгі тарифтерін сақтау, ресурстарды тиімді басқару және жолаушыларға таңдау мүмкіндіктерін ұсынуға көмектеседі. Жолжүкті тасымалдау, борттағы тамақ немесе орын таңдау сияқты қызметтер қосымша ақыға ұсынылады. Бұл жолаушыларға шын мәнінде қажет қызметтерге ғана ақы төлеуге мүмкіндік беріп, дәстүрлі әуекомпанияларда билеттің бағасына қосылған «кешенді пакеттерден» арылуға мүмкіндік береді.
Егер сіз музыкалық аспаппен саяхаттасаңыз, оны қолжүгі ретінде ұшақ салонында (егер өлшемдерге сәйкес келсе) немесе алдын ала сатып алынған жеке орынға тасымалдауға болады. Алайда, бұл қызметті әуекомпанияның байланыс орталығы арқылы алдын ала сатып алу қажет екенін есте сақтаған жөн.
FlyArystan спорт пен белсенді демалысты жақсы көретіндер үшін де ерекше жағдайларды қарастырады. Велосипедтер, шаңғылар, сноубордтар және басқа да жабдықтарды тасымалдау үшін арнайы шарттар бар. Жолаушы арнайы жабдықтарды тасымалдау жоспары туралы әуекомпанияға алдын ала хабарлап, сайтта немесе қосымша арқылы қызмет үшін төлем жасауы тиіс.
Айта кетейік, қазіргі уақытта әуекомпания Алматы, Астана, Ақтау, Атыраудан Кутаисиге рейстерде бар болғаны 500 теңгеге шаңғы мен сноубордтарды тасымалдау науқанын өткізуде. Толығырақ әуекомпания сайтынан білуге болады.