Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері ұшақ апатынан зардап шеккен жолаушыларға қан тапсырды

5478
Фотосурет: Gov

500-ден астам ақтаулық донор болып, қан тапсырды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Олардың арасында Ақтау гарнизоны әскери полиция жасағының әскери қызметшілері де бар.

Әуе кемесінің апаты  жайлы естіп білген әскери полиция өкілдері қан орталығына барып, шамамен 5 литрдей тапсырды.

- Барша қазақстандықтар сияқты біз де қаза тапқандар үшін қатты қайғырдық. Аман қалған жолаушылардың тезірек сауығып кетуін тілейміз. Біздің бұл үлесіміз зардап шеккендердің денсаулығы қалпына келіп, отбасыларына тезірек оралуға көмектеседі деп үміттенеміз, - деді Ақтау гарнизоны әскери полиция басқармасының штаб бастығы полковник Данияр Асқаров.

Бүкіл ел болып, әуе апатынан зардап шеккендер үшін 800 литр қан тапсырды. Ақтауда өэ500 адам, Астанада 600-ден астам адам, Шымкентте 125, Ақтөбеде 109, Жетісуда 49, Қарағандыда 40, Шығыс Қазақстан облысында 34 адам донорлық орталықтарға келді.

Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бара жатқан Azerbaijan Arilines авиакомпаниясының Embraer ұшағы Ақтау қаласының маңында апатқа ұшыраған болатын. Ұшақтың бортында 67 адам болған. Оқиға салдарынан 38 жолаушы қаза тауып, 29 адам, оның ішінде үш бала аман қалды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -